Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

0
507

Бүгінге дейін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер Риодағы Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін тамашалауға келді.

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)ОҢ ЖАҚТА ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕР. ФОТО: AFP

Әдетте, әуесқой боксқа көп көңіл бөле бермейтін кәсіби боксшыларды, оның ішінде, Флойд Мейвезерді көру жанкүйерлерді таң қалдырғаны рас.

Әсіресе, Мейзевер қазақ боксшысы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін үлкен ықыласпен қарап, оның өнеріне қол соқты деп жазады Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мейвезермен қол алысып түскен суретін Instagram парақшасына жариялаған болатын.

 

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)СӘПИЕВ ПЕН МЕЙВЕЗЕР. ФОТО: INSTAGRAM

Жалпы, қазақ боксшыларының өнері жанкүйерлерді ерекше тәнті етуде. Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көргендер қазақ боксшысына орындарынан тұрып, қол соққан болатын.

Еске сала кетейік, кеше Данияр Елеусінов венесуэлалық Габриель Маэстроны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз