Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

0
441

Рио-де-Жанейродан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдық додасында Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алдыФОТО: AFP

Бұл Олимпиадада Қазақстан медаль саны жөніне рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осыған дейін жазғы ойындардағы жалпы жүлдеміз 13-тен асып көрмеген. Бұл жолы қоржынға түскен медальдар саны көп. Алайда, алтын саны жөнінен Лондондағы жетістікті қайталай алған жоқпыз.

Сонымен, Риода ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар тізімі төмендегідей:

Алтын медаль: Данияр Елеусінов (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу спорты), Нижат Рахымов (ауыр атлетика);

Күміс медаль: Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жапарқұл (ауыр атлетика), Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит (бокс), Гүзел Манюрова (еркін күрес);

Қола медаль: Отгонцецег Галбадрах (дзюдо), Иван Дычко, Дариға Шәкімова (бокс), Александр Зайчиков, Фархад Харки, Карина Горичева (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова (еркін күрес).

 

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз