ОҚО-да көріпкел қыз еліміздегі келесі президенттің кім болатынын болжады

0
410

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында тұратын Бейне Қаржаубаева есімді емші қыз Қазақстанның келесі президенті кім болатынын болжады деп жазады Замана.

ОҚО-да көріпкел қыз еліміздегі келесі президенттің кім болатынын болжадыФОТО: ZAMANA.KZ

Бейне Қаржаубаева СПИД-тің емін таптым дегені талайды елеңдетіп, тіпті даулы мәселе туындат­қан болатын. Бейненің әкесі Ералхан Жыл­қыайдарұлы енді қызының қызықты болжамын жария етті.

«Кезінде менің қызым дүние жүзін алаңдатып отырған аурудың емін тапқан болатын. Алайда оның тиісті орындар мен емдеу мекемелері тарапынан қолдау таппағанын білесіздер. Дегенмен ерте ме, кеш пе, шындық бәрібір шығады ғой. Жалпы, Бейненің көріпкелдік, болжағыштық қасиеті бар. Соны да бір естеріңізге салайын деп едім. Ол кезінде Қырғызстанда халық пен билік арасында қақтығыс болатынын айтқан болатын, кейін ол өмірде шындығында да орын алды. Сондай-ақ қызым осыдан біраз жыл бұрын еліміздің келесі президенті Дариға Назарбаева болады деп те айтқан еді, қарап отырсам, ол да расқа айналатын сияқты. Қысқасы, мен қызымның бойында қасиет барына сенемін, оны үнемі қолдап отырғым келеді», – дейді Бейненің әкесі.

Бүгінде емші қызға емделу үшін лауазымды шенеуніктер де келеді екен.

«Менің қызыма Мәсімовтің әкесі де қаралып, емінің шипасын көрген, бізге «визиткасын» қалдырған, қазір де ол кісімен хабарласып тұрамыз», – дейді Ералхан Жылқыайдарұлы.

Көзіне ақ киімді адамдар елестеп, тылсым құбылыстар көрінетін Бейне Қаржаубаева 1980 жылы туылған. Әкесі ерекше күшке ие қызының тезірек өмірден өз орнын тапқанын армандайды.

 

Дереккөз: Zamana.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз