Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

0
442

Түріктің Газиантеп қаласында үйлену тойында орын алған лаңкестік салдарынан қаза болғандар саны 50-ге жетті.

Бұл туралы жексенбіде, 21 тамызда жергілікті билікке сілтеме жасаған Reuters хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Лаңкестік 20 тамызда жасалды. Адамдардың басым бөлігі сыртқа шыққан кезде жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.

Қазақстан 20 тамызда Түркияда Газиантеп қаласында жасалған лаңкестікті үзілді-кесілді айыптайды, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Газиантеп қаласында (Түрік Республикасы) ондаған адамның өліміне алып келген лаңкестікті үзілді-кесілді айыптаймыз. Қылмыскерлердің нысана ретінде кіршіксіз, таза неке қию салтанатты жиынын көздегені аса алаңдаушылық тудырды», – делінген СІМ Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

«Бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз», – деп атап өтіледі хабарламада.

ҚР терорризммен күресте әлемдік қауымдастықты қолдайды және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, осы салада күштерді үйлестіруге шақырады, – делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз