Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

0
424

Фэйсбук желісінде жедел жәрдем дәрігерінің науқасты тепкен видеосы жарияланды деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Патрульдік полицейлердің шақыртуымен келген жедел жәрдем станциясы көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созудың орнына, оны көлікке жақындатпай теуіп қуып жіберген.

Науқас деп отырғанымыз үй-жайы жоқ, көше кезген үйсіз-күйсіз адам. Денсаулығы сыр берсе керек, ол алғашқы көмекті жанынан өтіп бара жатқан полицейлерден сұраған көрінеді.

Тәртіп сақшылары болса, тиісінше жедел жәрдем станциясын шақыртқан. Алайда, шақыртуға жетіп келген дәрігерлер науқастың ұсқынынан шошыса керек, оны қараудан үзілді-кесілді бас тартады.

Видеоны Facebook-ке жүктеген Наталья Садыкова есімді интернет пайдаланушысы оқиғаның Қызылордада болғанын жазған. Оның айтуынша, науқасты тепкен дәрігерге ешқандай шара қолданылмаған.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз