Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

0
486

Қазақстанның қос министрі Қанат Бозымбаев пен Арыстанбек Мұхамедиұлының Түркістанда өткен жиында іштері пысқаны соншалық, смартфон шұқылап, уақыт өткізуге мәжбүр болды. Бұл туралы аймақтағыNUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ МЕН ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, вице-премьер Дариға Назарбаева және бірқатар министрлер Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іссапармен келді. Сапар барысында астаналық қонақтар Шымкент пен Түркістан қалаларында болды.

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Түркістанда білім саласына қатысты ауқымды жиын өтіп, бірқатар мәселелер көтерілді. Алайда жиын еліміздің Мәдениет пен спорт және де Энергетика министрлері үшін түк қызықсыз өткен сияқты.

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Себебі қос министр жиын бойына қолдарыңдағы смартфондарынан көз жазбай, Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілер мен ғаламтор жаңалықтарын аңдумен болды.

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Тіпті мінберге шығып сөз сөйлеп, жиында қойылған сұрақтарға жауап берген әріптестері, Білім министрі Ерлан Сағадиевтің де сөзіне зер сала қойды деу екіталай. Қос министр білім саласының өздеріне түк қатысы жоқ деген болу керек, әйтеуір жиыннан гөрі смартфон қызығына кіріп кетті.

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Еске сала кетейік, елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнында смартфон мен планшет пайдалануына заңмен тыйым салған болатын. Қызмет орнында смартфон қолдануға тек жергілікті полицияның ғана құқығы бар. Алайда, аталған заңды министрлердің өзі орындамай отыр.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз