Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

0
916

Көркем атты бойжеткен Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, Новый елді мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем сол күйі хабарсыз кеткен.

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН КӨРКЕМ АТТЫ БОЙЖЕТКЕН. ФОТО: INFORM.KZ

Жоғалған қыз әлі табылмады, деп жазды «Диапазон» басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Жоғалып кеткен Көркем Мақсаттың фотосын туыстары әлеуметтік желі арқылы таратты.

20 тамыз күні шамамен кешкі 20:30-да қыз Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген. Бір ай бұрын Көркем тұрмысқа шыққан.

Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5 шағынаудан жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.

«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», – деді қыздың әпкесі.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз