Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

0
500

«Макдональдс» Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі – Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін.  Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасапNUR.KZ порталы хабарлайды.

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақФОТО: PROSPORT.KZ

Бұл «Макдональдстың» франчайзингті дамытудағы ірі келісімшарты болмақ. Монопилияға қарсы Федералды қызмет сатылым бойынша келісімшартты мақұлдады.

Ресейдің 13 аймағында тарайтын «Макдональдс» желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз. 2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда «Макдональдс» франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы «Макдональдсты» 2016 жылдың наурызында ашқан болатын. Кәсіпкер үш-бес жыл ішінде республикада 15 мейрамхана ашуды жоспарлап жүр деп жазады ТАСС.

Белоруссияда он «Макдональдс» бар: тоғызы Минскіде және біреуі Витебскіде.

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақФОТО: XBREST.BY

Боранбаевтан бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Дегенмен Ресейдегі 67 «Макдональдс» мейрамханасы жаңа франчайзидің қолына өтеді. Ал оның кім екені әзірге айтылмай отыр.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз