Баян Есентаеваның күйеуінің қорғаушысы оның әйелін неліктен соққыға жыққанын айтып берді

0
419

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның Баянды соққының астына алуына  не себеп болғанын айтып берді деп хабарлайды Today.kz порталына сілтеме жасапNUR.KZ.

Баян Есентаеваның күйеуінің қорғаушысы оның әйелін неліктен соққыға жыққанын айтып бердіФОТО: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН АЛЫНДЫ

Қорғаушы Бекболат Жексейітовтің айтуынша, танымал продюсердің күйеуі отбасын сақтап қалғысы келген және ол істеген ісіне өкініп отыр.

«Ол өзінің жұбайының жаны мен тәніне жара салғанына өкініп отыр. Ол әйелін өлтіру туралы ойламаған, қайта өзінен жібергісі келмеген. Бұл ниетінің арты осындай жағдайға әкеліп тұр. Жұбайы өзінің рұқсатынсыз шетелге шығып кеткендіктен, ол оны қызғанған», – дейді ол.

«Ол (ред.-Баян Есентаева), шамасы, ажырасқысы келген. Ал Бақытбек отбасының бұзылуын қаламаған. Ол ажырасқысы келмеген, ал жұбай ы келіспей қойған. Осылайша, ұрыс-керіс кезінде ол пышақ тығып алған. Әлбетте, өкініп отыр. Ол екі баласының анасы ғой», – деп хабарлады Бекболат Жексейітов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз