БАҚ: Баян Есентаеваның күйеуі оның қансырап жатқанын 45 минут бойы бақылап тұрған

0
466

Бақытбек Есентаевтың өзінің әйелі, қазақстандық продюсер әрі тележұлдыз Баян Есентаеваны қалай соққыға жыққаны туралы толығырақ деректер айтыла бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БАҚ: Баян Есентаеваның күйеуі оның қансырап жатқанын 45 минут бойы бақылап тұрғанБАХЫТБЕК И БАЯН ЕСЕНТАЕВЫ. ФОТО INFORM.KZ

Оқиға орын алған 10 маусым күні Бақытбек Есентаев өзінің әйелін соққыға жығып, қатарынан төрт рет пышақ сұққаннан соң оны жанармай құю стансасы жанындағы көлікте ұзақ уақыт ұстаған. Ол жедел жәрдем де шақырмаған. Ал Баян Есентаева қансыраған күйі күйеуінен өзін өлтірмеуін сұрап жалбарынған. Осылайша оқиға орнына олардың қыздары келіп жедел жәрдем шақырғанша 45 минут өткен. Бұл құқық қорғау органдарындағы жасырын дереккөз жіберген соталды тергеу материалынан белгілі болды.

«Әйелдер ер адамдарға қарағанда төзімді келеді. Мәселен, әйелдер 1,5 литрға дейін қан жоғалтып, кейін асықпай қалпына келтіре де алады. Ал ер азаматтар 0,5 литр қан жоғалтса есеңгіреп қалар еді», – дейді ҚазАқпарат агенттігінің тілшісімен әңгімелескен құқық жүйесінде ұзақ жылдар қызмет еткен дереккөз.

Оның айтуынша, Баян Есентаеваны аудандық ауруханаға жеткізгеннен соң оған 3 сағатқа жалғасқан ота жасалған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, аппаратта бақылауда болды. Ал оның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық АІІБ жеткізілген.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106 «Адам денсаулығына ауыр жарақат салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді Талғар АІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Алайда, кейіннен іс Алматы облыстық ІІД арнайы тергеушілеріне берілген. Сонымен қатар, қылмыстық іс «кісі өлтіру үшін қастындық жасау» бабына ауыстырылған.

«Барлық тергеу жұмыстары жүргізілді. Бақытбек Есентаев жұбайымен бірнеше рет бетпе-бет кездескенде тіпті мың рет кешірім сұрауға мүмкіндігі болды. Ал БАҚ-та жазылып жатқанның басым бөлігі ойдан шығарылған», – дейді біздің әңгімелесушіміз.

Бұдан бөлек, Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов қазір оған тағылған «кісі өлтіру үшін қастандық жасау» туралы айыпты Қылмыстық кодекстің 106 бабына яғни әу бастағы «денсаулығына ауыр жарақат салу» бабына ауыстыру үшін барынша әрекет етуде.

Қазіргі күні тергеу аяқталды. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 бөлімі арқылы 99 бабы 1 бөліміне, яғни «кісі өлтіру үшін қастандық жасау» бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына берілді. Сот процесі Қаскелең қаласындағы №2 сотта өтуі мүмкін.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз