Мәскеулік ерлі-зайыпты қызын ешқандай отасыз Барби қуыршағы образында өсірді

0
582

 

  • Мәскеулік ерлі-зайыпты қызын ешқандай отасыз Барби қуыршағы образында өсірді 

26 жастағы мәскеулік модель Анжелика Кенованы ата-анасы қуыршақ образында өсіріп келеді. Қызы есейгеніне қарамастан, ата-анасы оны әлі күнге дейін өз қарауында ұстайды деп хабарлайды Stan.kz.

Барби қуыршағынан айнымайтын Анжелика ешқандай пластикалық ота жасатпағанын айтады.

Анжелика осы күнге дейін ешбір жігітпен көңіл қосып, қыз-жігіт болып кездеспеген. Ол кездесулерге тек анасымен бірге барады екен.

Ата-анасы қызының атақты модель болғанын қалайды.

«Мен қуыршақ секілді өмір сүрем. Киімімді де анам таңдап береді. Ол мені бала кезімнен бастап Барби секілді киіндіріп келеді», – дейді Анжелика.

«Мен бойжеткенде ата-анам маған жеке бапкер жалдап, жаттығу бағдарламасын бекітіп қойды. Аптасына бес күн бойы 2-3 сағат уақытымды жаттығу залында өткіземін», – дейді қуыршақ қыз.

Анжелика өзінің келбетіне көңілі толатынын айтады. Алайда, еркін өмір сүрудің ешқашан кеш болмайтынын айтып, әйтеуір бір күні өзі қалағандай өмір сүргісі келетінін меңзейді.

http://alashainasy.kz/tuit/maskeulk-erl-zayyiptyi-kyizyin-eshkanday-otasyiz-barbi-kuyirshagyi-obrazyinda-86977/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз