Ақтөбедегі лаңкестікке байланысты 30 күдікті сотта жауапқа тартылады

0
416

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі террористік актіге байланысты тергеуді аяқтады. Іс материалдары танысуға жолданды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен ҚазАқпаратқа хабарланды.

Ақтөбедегі лаңкестікке байланысты 30 күдікті сотта жауапқа тартыладыЛАҢКЕСШІЛЕР. КӨРНЕКІ СУРЕТ: KIEVPRAVDA.COM

Комитеттің хабарлауынша, жалпы 77 қылмыстық іс қозғалып, олар бір өндіріске біріктірілген.

«Іс бойынша 21 қатысушы қамауға алынған. Оқиғадан бас тартқан 10  адам мен қатысы бар делінетін 3-еуі қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, қорғауға алынған», – делінген баспасөз баянында.

Ведомствоның хабарлауынша, террористік қылмыстық іс бойынша 215 әртүрлі сот сараптамасы жасалып, 26 тергеу жүргізілді.  Көзі жойылған 18 террористке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, олар заңнамаға сәйкес жерленді.

«Облыс прокурорының келісімімен, күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Жалпы, сотқа 30 күдікті жіберіледі: 9 террорист, 18 мәлімет бермеуші, 3 жасырушы», – делінген хабарламада.

Тергеу қорытындыларына қарағанда, күдіктілер лаңкестердің идеологиялық ықпалында болғаны (ДАИШ ұйымының иделогиясымен уланғаны) анықталып отыр. Оларға өздері тұратын жерлерде Рамазан айында террорлық акті жасау жүктелген секілді. Себебі олардың түсінігінше, «ораза айында жасалған мұндай әрекетті бүкіл әлемдегі терроршылар мен діни экстремистер жоғары бағалайды».

Еске салайық, террористік акті Ақтөбе қаласында 5 маусымда орын алды. Террористік топ қаладағы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз