Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

0
460

Алматы облысында радикалдар тобы 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық актіні елімізде қайталау үшін ұшақты басып алуды жоспарлаған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтарына» ҰҚК мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZпорталы.

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлағанҰШАҚ. КӨРНЕКІ СУРЕТ: DOSENG.ORG

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы облысында радикалдар тобы Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне қарулы шабуыл жасамақ болған.

18 тамыз күні Қырғызстан азаматы және бұған дейін істі болған екі қазақстандық құрықталған болатын.

«Жоспарларының біріне олар Қырғызстан азаматын басшы еткен, қалған топтарға да міндеттерді бөліп шыққан. Ал қазақстандықтардың бірі өзін жару ұсынысын жасады», – делінген хабарламада.

Резонанс тудыру үшін олар халық көп жиналған өңірді таңдаған. Олар Талдықорған әуежайын торуылдап, ондағы азаматтық немесе әскери ұшақты басып алу жоспарын құрады. Осылайша 2001 жылы 11 қыркүйекте болған террорлық актіні қайталауды жоспарлайды.

Ал шабуыл жасамас бұрын жоспарларын діни тұрғыда түсініктеме бере отырып видеоға түсіруді және желіге таратуды ойластырған. Заңсыз қару сатып алу үшін қаражатты ауылшаруашылық қожалары мен микронесие беруші ұйымдардан тартып алмақ болады.

Тінту барысында күдіктілерден қолдан жасалған жарылғыш заттар мен экстремистік әдебиет тәркіленді. Бүгінде бұл жайттар бойынша «Терроризмді насихаттау» және «Террорлық топты құрып, оған атсалысу» баптарымен соталды тергеу жүргізілуде.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз