ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

0
522

ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалдыВЛАДИМИР ЖҰМАҚАНОВ ПЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО: АҚОРДА

«Мемлекет басшысының Өкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Владимир Жұмақанов ҰҚК 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін басқарды.

Ол 1955 жылғы 7 қарашада Свердловск облысы (Ресей Федерациясы) Гагарин ауданы Дулково ауылында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқыған.

Қауіпсіздік органдарында 1982 жылдан қызмет етеді. КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген. Қызметін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі МҚК кіші жедел уәкілі лауазымынан бастаған.

1994 жылдан – ҰҚК органдарының басшы қызметінде, 2001 жылы ҰҚК Төрағасы Кеңесшісі, 2001-2007 жылдары Департамент бастығы, 2007-2010 жылдары ҰҚК Төрағасының орынбасары, 2010-2015 жылдары ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал 2015 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекет басшысының № 140 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны, ал Қазақстанның уақытша премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев бекітілгені хабарланды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз