Бір млн доллар парамен ұсталған «Қорғас» президенті қамауға алынды

0
407

Алматыда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының президенті Василий Ниді екі айға тұтқынға алу санкцияланды деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат.

Бір млн доллар парамен ұсталған «Қорғас» президенті қамауға алынды

ВАСИЛИЙ НИ. ФОТО EXCLUSIVE.KZ

Хабарламамаға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел-тергеу тобының жетекшісі Ниді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат сұрап, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотына өтініш берді.

«Қылмыстық тергеу органы 25.11.1968 жылы туылған Ниді Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4 бөлімінде қарастырылған сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр қылмысын жасауда күдікті деп санайды. «Қорғас» ХШЫО президенті және мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген тұлға бола тұра,  бопсалау жолымен «Қорғас-Тюльпан» ЖШС-ға қатысты инвестициялық тендер нәтижелерін оң шешкені, атап айтқанда халықаралық  орталық аумағында 5-класты қонақүй кешенін салу жөнінде осы ЖШС-ны жеңімпаз деп деп танығаны үшін оның өкілінен 1 млн АҚШ доллары мөлшерінде пара алған», – делінген хабарламада.

Сот шешімімен күдікті Ниді екі айға қамауға алу түріндегі шара санкцияланды.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз