ХАЛАЛ шұжықтарға да, ШОШҚА еті қосылады!?.

3
278


ҚР Индустрия министрлігінің сарапшысы шошқа еті қосылмайтын шұжық болмайтынын мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген «халал» шұжық өнімдеріне шошқа еті қосылғаны анықталды. Өз кезегінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев шошқа еті қосылмайтын шұжық болмайтынын айтты.
«Халал» деп мақұлданған, бірақ көпшілік шұжықтың барлық түріне де шошқа еті қосылатынын білмейтін болса керек», – деді Сәтбаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. Мұндай мәлімдемені шенеунік Халықаралық аккредитация күніне арналған дөңгелек үстелде шараға қатысушылар шұжық өнімдерін шығаратын солтүстікқазақстандық кәсіпорынға қатысты шағымдарын айта бастағанда жасады.
«Таяуда біз «халал» деген жазумен шұжық шығарып, сатып, өнімдеріне жарнама жасайтын солтүстікқазақстандық 11 фирманы тексердік, ал олардағы өнімдерге шошқа еті қосылған болып шықты. Мұсылман талаптарын «халал» өнімдердегі шошқа етінің бар-жоғымен қалайша байланыстыруға болады? Неліктен бұлай болды? Өйткені біреу шығарған, біреу рұқсат берген, ал тағы біреу оны өткізіп, біреу оны сатып алған», – деді «Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабыкен Закарьянов.
Еуразия бірінші арнасы

3 ПІКІРЛЕР

  1. Бұдан былай шұжықты да жемейтін болдым. Рыскелді Сәтбаевқа рахмет шындықты айтқаны үшін! Мұсылман бауырлар үшін харамды жегеннен жаман не бар. Осындай тоқшылық заманда шұжықсыз да күніміз өтеді. Аллаһу акбар!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз