Елімізде бензин бағасы қымбаттады

0
409

Үкімет халық көп тұтынатын тауар түрлерін қымбаттатпау туралы тапсырма алмай жатып, бензин бағасы көтеріліп үлгерді деп хабарлайды КТК арнасы.

Елімізде бензин бағасы қымбаттадыБЕНЗИН. КӨРНЕКІ СУРЕТ

Мұнай арзандаған сайын, қымбаттайтын жанармай бұл жолы да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен.

Яғни, АИ-95 пен АИ-92 қымбаттап жатыр. АИ-95 бұған дейін 149 теңге болса, бүгіннен бастап 152 теңге. Ал АИ-92-нің құны 129 теңгеге барған. Дегенмен, кейбір жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отынның бағасы әлі өзгеріссіз тұр.

Қымбатшылық себебін түсіндіретін әзірге бірде-бір шенді жоқ. Десе де, табиғи монополияларды реттеу комитеті мұның заңды-заңсыздығын тексеріп жатыр екен. Айта кетсек, бұған дейін үкімет бензин құнын реттеуден бас тартып, бағаны еркіндікке жіберген болатын.

 

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз