Депутаттар бас ауруға айналған бюджетті қайта есептеп жатыр

0
432

Депутаттар еліміздің алдағы үш жылдың табысы мен шығынын қайта санауға кірісті. Мәжіліс басты қаржылық құжатты бір айдың ішінде қарап шығып, түзетулер енгізуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Депутаттар бас ауруға айналған бюджетті қайта есептеп жатыр

ШЕНЕУНІК. КӨРНЕКІ СУРЕТ

Жоспар бойынша алдағы жылдардың бюджетіне қосымша 380 миллиардқа жуық теңге бөлінбек. Оның жартысынан көбін жұмыспен қамту, денсаулық, білім беру сынды әлеуметтік салаға жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ, үкімет қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөліп отыр.

Лаңкестік, экстремизм, ел ішіне төнген өзге де қауіп-қатерге қарсы 100 миллиард теңге қарастырылмақ. Сонымен қатар, алдағы бюджет есебінен Астананың инфрақұрылымын жақсарту да басты міндеттің бірі болып тұр.

Ал Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің көлемін қысқартамыз дейді шенеуніктер. Ұлттық банк те алдағы жылдары инфляция көлемі 6-8 пайзыдан еш аспайды деп сендіреді. Мәжіліске түскен басты қаржылық құжатты депутаттар 15 қыркүйек күні үкімет мүшелерімен бірге талқылайды.

«Бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негізгі болып макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және бюджеттің кіріс бөлігінде жыл басынан бастап салықтық түсімдердің серпінін нақтылау табылады. Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған», – дейді мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз