Назарбаев: Алматыға қамқорлық жасауды мен өзімнің бірінші міндетім деп есептеймін

0
389

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының туған күніне арналған гала-концертте алматылықтарды шаһардың 1000 жылдығымен құттықтады.

Назарбаев: Алматыға қамқорлық жасауды мен өзімнің бірінші міндетім деп есептеймін

Елбасы оңтүстік астананың еліміз үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін алматылықтарды қаланың мерейтойымен құттықтауға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келді.

«Құрметті алматылықтар, сіздерді Алматының 1000 жылдығымен құттықтаймын. Бұл мерейтойды тұтас Қазақ елі тойлап жатыр. Бұл оқиға ЮНЕСКО мұрасына енгізілді. Алматы тәуелсіз еліміздің алғашқы астанасы болу құрметін иеленді», – деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнда елімізде тұратын халықты бір ортаға біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын атап өтті.

«Еліміздің ең үздік қаласына қамқорлық жасауды мен өзімнің бірінші міндетім деп есептеймін. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басталатын үлкен автожолдың құрылысына да барынша көңіл бөлемін, ол қаланы облыстардан келетін автокөліктер ағынынан шектейді.

Құрметті алматылықтар, 1000 жыл толған Алматының басты жетістігі – осы қаланың тұрғындары сіздерсіздер. Қалада 120 этнос өкілдері бірге жұмыс істеп, білім алып, отбасын құрып жатыр. Мұнда әрқашан достық салтанат құрған. Мен Алматы еліміздің ең дамыған қаласы болып қала беретініне сенемін», – деп сөзін түйіндеді елбасы.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз