Отандық бағдарламалардың бірінде танымал әнші Рамазан Стамғазиевті танымайтынын айтқан отандық актриса ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
ФОТО: PANDALAND.KZ
Бұл туралы juldizdar.kz жазады.
Басылымның хабарлауынша, Астана телеарнасындағы “Ел аузында” бағдарламасына сұхбат берген актриса Сая Оразғалиева тілшінің “Рамазан Стамғазиевті тыңдайсыз ба?” деген сауалына “Рамазанды танымаймын” деп жауап берген.
ФОТО: ASTANA-AKSHAMY.KZ
«Қазақтың сүйікті әншісі Рамазан Стамғазиевті білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Ал Саяны кім таниды?.. Алғашында, танымаса өз еркі ғой деген немқұрайлылық танытып едік. Сәл ойлансақ, бұл үндемей қоя салуға болмайтын дүние екен», – деп жазады басылым тілшісі.
Сонымен бірге, тілші «Рамазанды білмейтін Сая қазақтың тілін, ділін, ұлттық әнін де білмейді деген сөз» деген пікірін жеткізді. Оның айтуынша, бұл – нағыз масқаралық.
«Кезінде “Екі жұлдыз” телешоуында тағы бір орыстілді қазақ актрисасының “МузАрт” тобының әйгілі әншісі Мейрамбек Беспаевты танымаймын деп салғанда, не дерімізді білмей қалып едік. Мынау барып тұрған масқара ғой», – деп өз наразылығын білдірді материал авторы.
Дереккөз: Nur.kz