Балалар спортына қомақты инвестиция салу керек

0
436

 

  • Балалар спортына қомақты инвестиция салу керек 

Рио олимпиадасының ыстық-суығы әлі толық басылған жоқ. Әр бір ел өз жетістіктері мен ағаттықтарын таразылап жатыр. Мен де елдің азаматы ретінде бокстан біздің негізгі қарсыласымыздың бірі, Рио чемпиондары- өзбек боксына шолу жасап, келешекте еліміздің спортын дамытуға деген өз ұсынысымды білдіргім келді.

——————————————

Өзбек бокс мектебінің негізін бір ғасыр бұрын америкалық Сидней Львович Жексон қалаған болатын. Сол мықты ірге осы күнге дейін сөгілмей келеді.

Өзбекістанда боксты дамытуға соңғы үлкен қозғау И. Каримовтың бастамасымен 1999 жылы 1 маусымда қабылданған «Өзбекістанда боксты қолдау фондын құру» қаулысымен байланысты болды. Одан кейін 2002 жылы 2 қазанда қабылданған Өзбекістан президентінің #http://www.lex.uz/ru/Pages/GetAct.aspx?lact_id=325706# «Өзбекістанда балалар спортын дамыту қорын құру туралы» жарлығымен спорттың үдемелі дамуы өз жалғасын тапқан. Әсіресе алыс ауылдарда балалар спортының тамырына қан жүгірген. Үлкен ауылдардың бәрінде спорт алаңдары жасақталып, спорт залдары пайдалануға берілген. Қаланың мөлтек аудандарында жасанды спорт алаңшалары көбейген. Осы жылдарда Өзбекістанда бір неше рет қонақта болған кездерімде өз көзіммен көрген жағдайым бар. Бірғана мысал 2005 жылы ауыл балаларының 30 пайызы спортпен айналысуға мүмкіндігі болған болса, араға 10 жыл салып 2015 жылы бұл көрсеткіш 57,2 пайызға жеткен. Әлемді бағындырып жатқан спортшыларын қоспағанның өзінде- бронхит, пневмония, сколиоз сияқты диагнозбен ауыратын балалардың саны орташа 50 пайызға қысқарған.

————————————————

P.S. Менің ойымша балалар спортына (әсіресе ауылдарда) қомақты инвестиция салу керек. Жасыратыны жоқ, шағын елді мекендерді айтпағанның өзінде халқы он мыңнан асатын ауылдардың өзінде ойдағыдай спорт алаңдары мен спорт залдары жоқ. Олимпиадалық спорт түрлеріне баулитын кәсіпқой спорт мамандары ауылдарда жоқтың қасы. Ал, нағыз шымыр, спортқа бейім қарадомалақ балдардың ауылдарда екендігіне менің титтай да күмәнім жоқ. Мақсатым: ел үкіметіне, депутаттар корпусына ой тастау еді. Мемлекетімізді жарнамалау үшін пәленбай қаржы жұмсап әр түрлі жиындар өткізгенше болашақ олимпиада чемпиондарын дайындасақ, жарнама үшін солардың өзі де жетіп жатыр.
Камилжан Рысметов

http://alashainasy.kz/fromsocial/balalar-sportyina-komaktyi-investitsiya-salu-kerek-87666/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз