Атамбаев тақыр жерде ұйықтаған үш жасар балаға пәтер беретін болды (фото)

0
525

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кеше үш жасар Ысқақ Үсеновтің отбасына пәтер сыйлау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды деп жазадыҚазАқпарат.

Атамбаев тақыр жерде ұйықтаған үш жасар балаға пәтер беретін болды (фото)ЖЕРДЕ ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН БАЛА. ФОТО: KNEWS.KG

Еске сала кетейік, Кара-Cуу қаласы базарында контейнер түбінде ұйықтап жатқан үш жасар баланың суретін көптеген интернет басылымдар жарыса жариялаған болатын. Осы оқиғадан кейін ел президенті баланы тауып, оның отбасына жәрдем беру туралы тапсырма берген еді.

Атамбаев тақыр жерде ұйықтаған үш жасар балаға пәтер беретін болды (фото)ЖЕРДЕ ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН БАЛА. ФОТО: KNEWS.KG

Бұл міндетті Қырғыз Республикасы Президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мен Үкіметтің Ош облысындағы уәкілетті өкілі Таалайбек Сарыбашевқа жүктеген.

 

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз