Сарапшы: Теңге бағамы таяу арада долларына 330 теңгеге дейін жетеді

0
405

Теңге бағамы күн санап нығая түсуде. Осы орайда, алдағы уақытта теңге бағамы қандай деңгейде болатынын отандық сарапшылар болжады. Бұл туралыNewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сарапшы: Теңге бағамы таяу арада долларына 330 теңгеге дейін жетедіТЕҢГЕ-ДОЛЛАР. КӨРНЕКІ ФОТО

Forex Club сарапшыларының сөзіне сенсек, Brent мұнайының құны өскен сайын теңге бағамының да жағдайы оңалуда.

Жұма қорытындысы бойынша, орташа сараланған теңге бағамы долларына 337,17 теңгені құраған. Бұл өткен күнгі қорытындымен салыстырғанда 0,61 теңгеге азырақ көрсеткіш. Brent-тің қараша айына жасаған келісімшартына сәйкес, 22 қыркүйек күні мұнай барреліне 47,80 доллар деңгейіне дейін жеткізіліп, 1,7 %-ға құны өсті.

«Доллармен салыстырғанда теңге бағамының нығаюы әлі де жалғасын табады деп ойлаймын. Теңге бағамы бірнеше аптаның ішінде долларына 330 теңгеге дейін жетеді», – дейді Forex Club сарапшысы Валерий Полховский.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз