Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

0
357

Халал балабақшалар Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның ашуына тиді. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Азаттық Радиосына» сілтеме жасап хабарлайды.

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тидіДАРИҒА НАЗАРБАЕВА. ФОТО ORTCOM.KZ

«Көптеген олқылықтар бар. Жақында бізде «халал» балабақшалар барын білдім. Мен өте ашулымын! Бұл жазда болған жайттар бізді көп нәрсеге үйретті деп ойлаймын – олар бізге осал тұстарымызды көрсетті. Сол үшін көрпе астына тығылмай, жұмыс істеу керек», – дейді сенат комитетінің басшысы.

Дариға Назарбаева кездесу барысында еліміздің полицейлерінің құзыретін кеңейту ұсынысын жасады.

«Полицияның статусын қайта қарау керек деп санаймын. Оларға оқыс жағдайларда белсенді тойтарыс бере алуы үшін көбірек құзірет беру керек. Алматыда қаза болған полицейлер барлық қажет шараларды қолданғанымен, адам шығыны болды», – деді Назарбаева Алматыда 18 шілде күні болған қайғылы жайтты еске сала отырып.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз