Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

0
499

 
23 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына іссапармен барды. Президент өңірдің өндіріс орындарын аралап, елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОСТАНАЙДА. ФОТО: KSTNEWS.KZ
Мемлекет басшысы, сонымен қатар облыстың кәсіпорын басшыларымен кездесті. Кездесу барысында президент бірқатар маңызды жобаларға баса назар аудартты. Мәселен, «ЖасҚанат-2006» құс фабрикасы – кәсіпорынды жергілікті кәсіпкер қалпына келтірген.

Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

Бұдан бөлек президент түптамыры канадалық «Дон Мар» кәсіпорнына қызығушылық танытты. Аталмыш кәсіпорын ауылшаруашылық техникасын өндіреді.

Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

«Біз Канадамен достық қарым-қатынаста болуымыз керек, себебі біздің жер оларға ұқсас», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

Электромобильдер көрмесі президенттің ерекше назарына ілікті. Қысқа есептен кейін ол көлікті өзі тізгіндеп, сапасына баға берді. Ақорда баспасөз қызметінің айтуынша, бұл электромобильдер «Экспо-2017» көрмесіне қойылады.

Қостанайда Назарбаев елімізде құрастырылған электромобильді тізгіндеді (фото)

Мемлекет басшысы Қостанайдың «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасында болып қайтты. Президент фабриканың өнімдерімен танысып шықты.

Фото: kstnews.kz

 
Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз