Алматыда құны 80 млн теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды

0
616

 

Индустрияландыру картасы аясында Алматының Медеу ауданында аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік Instagram-дағы парақшасында.

Алматыда құны 80 млн теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын іске қосылды
КАДР ИЗ ВИДЕО / INSTAGRAM
«Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында Медеу ауданында құны 80 млн теңгені құрайтын аяқ киім шығаратын кәсіпорын жаңғыртылып, іске қосылды. Өнеркәсіп арнаулы белгіленген әлеуетті құрылымдар: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК шекаралық қызметкерлері, ҚР Ұлттық гвардия және тау-кен және мұнай салаларының мамандары үшін аяқ киім шығарады және сатады», – делінген хабарламада.

Фабриканы жаңғыртылуы жылына 350 мыңнан 700 мыңға дейін жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорында 230 адам жұмыс істейді, оның ішінде 30 жұмыс орны жаңа өндіріс желісін қосудың арқасында құрылған.

 
Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз