Келін болудың негізгі әдептері қандай?

0
551

 

  • Келін болудың негізгі әдептері қандай?

Қалыңдық болашақ күйеуінің негізгі қасиеттерін білуі шарт: мінез-құлқын, әдет-дағдыларын, ой өрісі мен мәдениетін, білімі мен инабаттылық болмысын, талабы мен талғамын, денсаулығын, жақсы-жаман әдеттерін (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала-бөтен қылықтарын т.б жайттарды білуі өте маңызды.
Келіннің бойында болатын негізгі тиісті қасиеттер:
Сыпайылық;
Мейірбандық;
Адалдық;
Сезімталдық;
Еңбекққорлық;
Жауапкершілік;
Ашық қабақтылық;
Дәмді тамақ әзірлей білуі;
Өтірік айтпау;
Өз ер азаматына деген қамқорлығы;
Өз енесін анасындай құрметтеу керек.
Керек кеңес:
Енеге деген қарым-қатынасыңызды түзеткіңіз келсе, бірінші өзіңізге деген қарым-қатынасты дұрыстауыңыз қажет. Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз! Енеге деген құрметіңізбен, ашық жүрегіңізбен әрдайым жылы сөзден бастап, сыйлықтарға құшағын толтыра біліңіз.
Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек, мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деген сұрақтар қоя білгені абзал. Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды. Қатені түзетуге тырысыңыз, мүмкін енеңіз де өз қатесін түсінер. Уақытты күтпеңіздер, кішіпейіл болыңыздар.
Болашақ келіннің қолынан іс келуі міндетті жағдай. «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды», «Олақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Салақтан олақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем кестесімен көркем»,т.б мақалдар соны білдіреді.
Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін.Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдемі, ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза, төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын. Келген-кеткен « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын, деген рас-ау» десін.
Дереккөздер: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы, Әдептану
anabol.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/keln-boludyin-negzg-adepter-kanday-87881/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз