Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

0
374

 
Украина уәдесінде тұрмады. Харьковтағы ұшақ жасау зауыты Қазақстанның тапсырысын екі жылдан бері орындамай жүр.

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты
АН-74. ФОТО WING.COM.UA
Тіпті ұшақты бермегені былай тұрсын, Украина алдын-ала төленген қыруар қаржыны да қайтармай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Ан-74Т ұшағын құрастыру үшін Харковь зауытына тапсырысты Ішкі Істер министрлігі берген. Украиндар жүк пен әскер тасымалдайтын бірнеше әуе техникасы үшін 9 миллиард 400 миллион теңге сұрапты. Осы ұшақтарды қатты қалаған Ұлттық гвардия шаруаны шапшаңдату үшін бюджеттен 2 миллиард алып, алдын ала төлеп қойған.

Айта кетейік, украиндар АН -74-тің тек біреуін 2013 жылы елімізге жеткізіп берген. Енді қалған бірнешеуіне ақшасын алып қойып, уәдесін тұрмады. Ресми Киев бұл әрекетін Мәскеумен арадағы байланыстардың тоқтатылғандығымен түсіндіріп отыр. Өйткені, Харьков зауытына керекті бөлшектер Ресейде ғана жасалады екен.

Енді екі ортада Қазақстанның тапсырысы орындалмай, бюджеттің миллиардтары желге ұшқалы тұр. Ұлттық гвардия зауытты сотқа беріп, келісім-шартты бұзып қаржыны қайтармаққа бекінген. Алайда Харьков соты еліміздің шағымын қанағаттандырмай тастады.

 
Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз