Қарағанды облысының тұрғыны органикалық қалдықтарды тыңайтқыштарға айналдырды

0
472

Қарағанды облысының тұрғыны органикалық қалдықтарды тыңайтқыштарға айналдырды

Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласының тұрғыны жауынқұрттардың көмегімен органикалық қалдықтан тыңайтқыштарды көптеп өндіріп жүр. Осылайша минералға бай шикізатпен өңірдегі бау-бақша және жылыжаймен айналысатын шаруашылықтарды қамтамасыз етіп отыр. Мұндай тыңайтқышты пайдаланғандар биыл мол өнім алды. Жас кәсіпкер Жігер Кәрімұлы мемлекеттік бағдарлама аясында алған бір жарым миллион теңгеге АҚШ, Калифорния штатынан 150 мың жауынқұрт сатып алды. Жәндіктер ыстық пен суыққа төзімді. Жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейді. Бұл жобаға жас кәсіпкер 1 миллион теңгедей қаржы жұмсаған. Қазір қолында 5 миллиондай құрты бар. Жігер Кәрімұлы, кәсіпкер: – Биошай дейді, өсімдіктер мен ағаштарды суару үшін қажет, нағыз органикалық таза өнімдер беріп отырмыз Қазақстанға, бағасы да арзан шетелдік өнімдермен салыстырғанда. Жігер өзінің тәжірибесін өзгелермен де бөлісіп жүр. Қазір оның биофермасынан шығатын тыңайтқыштарды жұртшылық көптеп тұтынады. Солардың бірі – Қарқаралы ауданындағы Қарағайлы кентінің тұрғыны Жандос Қонысбаев. Жас кәсіпкер былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында 3 миллион теңгедей қаржыға қол жеткізіп, үй ауласында жылыжай салған. Қазір сапалы тыңайтқышты пайдалану арқылы мол өнім алып отыр. Жандос Қонысбаев, кәсіпкер: – Пайдасы 50-60% таза өнім береді. Өнімдер пайдалы дәрумендерге бай. Болашақта осындай жылыжайларды көбірек салсам деген ойым бар. «Биыл жылыжайда өскен 2,5 тонна қияр, 500 келі қызанақ және басқа да көкөністер тез өтіп кетті», – дейді кәсіпкер. Табиғи таза өнімге жұртшылықтың сұранысы зор.  Авторлары: Айнұр Әбдиева, Әсет Асайынов


http://24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/142115-aldyrdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз