Үйлену тойында күйеуіне билеп берген қалыңдыққа көпшілік қол соқты (видео)

0
479

Өз тойында күйеуінің алдында билеп берген қалыңдық желіні жарды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Канадалық фотомодель Мелисса Молинаро өз тойында әнші Бейонсенің хит әндеріне билеп күйеуі мен тойға шақырылған қонақтарды таңқалдырды.

Мелисса ханым тойда тілек тыңдап қана отыратын қарапайым қалыңдық болғысы келмеген. Үстіне жалтылдаған қысқа көйлегін іле салып, құрбыларымен билеген қалыңдық қонақтардың аузын аштырды.

YouTube-ке салынған үйлену тойындағы бұл бейнежазбаны екі күннің ішінде 800 мыңнан астам адам қарап үлгеріпті.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз