Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай?

0
1093

Ұзақ өмір сүру – көп адамның арманы. Бірақ арман бәрінде бірдей орындалмайды. Өйткені адам өзіне керек нәрселерді жасамайды деп жазадыmassaget.kz.

Ұзақ өмір сүрудің бес құпиясы қандай? 

ҚАРТТЫҚ. КӨРНЕКІ ФОТО: МАССАГЕТ

Осының нәтижесінде адамның ұзақ жасау мөлшері орта есеппен 65-80 жастың арасын құрады. Ал жүз жасап жатқан адамдардың өмір сүру қағидасы мүлде басқа. Олардың ұсынып отырған қарапайым ғана бес тәсілін сізге де ұсынып отырмыз.

1. Тым көп тамақтанбау – ұзақ өмір кепілі

Алдыңызға келген астың бәрін жей беруге болмайды. Тойғанша емес, асқазаныңыз бір қалыпқа жеткенше ғана тамақтаныңыз. Көзіңіз бен көңіліңіз алдамшы. Олар ешқашан тоймайды. Сол секілді суды да мөлшермен ішіңіз. Сәл аз тамақтанған сайын алғыр боласыз, өміріңіз де ұзақ болады.

2. Ішкі жан тыныштығы

Қытай елінде таңмен ерте тұрып жаттығу жасайтын қарттар бар. Олардың жаттығуы – жүгіру, алысу емес. Бір орында отырып ішкі жан дүниемен жұмыс жасау. Адамның ұзақ жасауына бірден-бір себепкер осы ішкі жан дүниенің тыныштығы. Өзіңізді ортадан бөліп алып кетіңіз де, ішіңізге үңіліңіз, көзіңізді жұмып бір сәтке өзіңіз қалайтын әлемнің ортасына түсіңіз. Бұл үлкен мүмкіндік.

3. Ішпеңіз, шекпеңіз

Деніңіздің саулығына әсер етуші зиянды заттарды пайдаланбаңыз. Оның ішіне кез-келген спирттік ішімдіктер, темекі кіреді.

4. Күліп жүріңіз

Ашуланбаңыз. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейтін сөзді ескеріңіз. Өміріңіз қызықты әрі ұзақ болсын десеңіз көңілді болыңыз. Күліп жүріңіз. Ашу – тез қартаюдың бірінші белгісі.

5. Жүректі таза ұста

Жүзден аса ғұмыр кешкен қытайлық Ли есімді ақсақал өзінің бұлай ұзақ ғұмыр кешуін бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген: «Жүректі таза ұста, тасбақа секілді отыр, кептер секілді көңілді жүр, ит секілді ұйықта». Бұл аталған әрбір сөздің қасиетін ескере отырып сіз ұзақ өмір сүруге мүмкіндік ала аласыз.

 

Дереккөз: massaget.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз