Алматының Абылай хан даңғылында орналасқан «Жетісу» қонақ үйі өртеніп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы ТЖД өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап хабарлайды.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат кейін беріледі», – дейді Садуғаш Баймұхамбетова.
Сол арада әлеуметтік желіде оқиға орнынан фото жарияланды.
«ЖЕТІСУ» ҚОНАҚ ҮЙІ ӨРТЕНІП ЖАТЫР. ФОТО: ИНТЕРЕСНАЯ АЛМА-АТА/VK.COM
Дереккөз: Nur.kz