Саясаттанушы Марат Шибұтов Ақорданың Назарбаевтың сырқаттанғаны туралы ақпарат таратқанында тұрған ештеңе жоқ екенін айтты.
МАРТ ШИБҰТОВ. ФОТО: SAYASAT.ORG
Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Саясаттанушы Қазақстан бұрыннан қоғам алдында ашық болуға тырысып келетінін атап өтті.
«Бұл кәдімгі саяси қадам. Президент те адам, ол да ауырады. Сондықтан, онда тұрған ештеңе жоқ. Жыл сайын біз ашық қоғам қалыптастыруға тырысып келеміз. Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысты жиі алатын, бұл жолы да сондай демалыстың бірі деп қабылдау керек», – деді Марат Шибұтов.
Еске сала кетейік, кеше Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың суық тиіп ауырып қалғанын хабарлады. Сол себепті, президенттің Әзірбайжан мен Арменияға бармайтын болды.
Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі президенттің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.