Абайсызда ұлының үстіне құлаған әке баласын өлтіріп алды

0
416

Гуанчжоу қаласының тұрғыны абайсызда баласының үстіне құлап, өлтіріп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Абайсызда ұлының үстіне құлаған әке баласын өлтіріп алды 

ӘКЕСІМЕН СУПЕРМАРКЕТТЕ ОЙНАП ЖҮРГЕН БАЛА. ВИДЕОДАН СКРИНШОТ

Видеодан ер адамның баласымен бірге дүкен ішінде жүргенін, ал баланың әкесімен ойнап келе жатқанын байқауға болады. Бір сәтте тепе-теңдік сақтай алмай қалған ер адам бар салмағымен ұлының үстіне құлап, баланың мойынын сындырып жібереді.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер ақыры баланың өмірін сақтап қала алмады. Олар балақайды ауруханаға жеткізгенімен ол сол жерде тілге келместен көз жұмды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз