Өмірден өткен жұбайына ән арнаған Абай Бегей тыңдармандарын жылатты (фото)

0
528

Танымал әнші Абай Бегей басынан өткен қайғылы жағдайды тыңдармандармен бөлісіп, екінші рет үйленуге дайын емес екенін айтты.

Әнші бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасында бөлісті.

 

АБАЙ БЕГЕЙ ЖАРЫ НҰРЖАНАТПЕН. КАДР 31-АРНАДАН АЛЫНДЫ

«Айтуға оңай» бағдарламасының кезекті саны «Ана орнына ана болғандар» деп аталды.

Бұдан екі жыл бұрын қайтыс болған жарына арнап Абай Бегей «Жәннатым» деп аталатын әнін орындап берді. Бұл әнді естіген студия қонақтары тегіс көздеріне жас алып, оның қайғысына ортақтас болды.

Өмірден өткен жұбайына ән арнаған Абай Бегей тыңдармандарын жылатты (фото) 

АБАЙ БЕГЕЙ ҰЛЫМЕН. КАДР «ҚАЗАҚСТАН» АРНАСЫНАН АЛЫНДЫ

Абай Бегей 19 жаста болғанда 17-жасар жарын үйге келін қып түсірген. Бүгінде жұбайлардың 4 баласы бар, олардың үлкені 20 жаста.

Өмірден өткен жұбайына ән арнаған Абай Бегей тыңдармандарын жылатты (фото) 

«Жалғыздық құдайға ғана жарасады», екінші рет үйленуге қатысты пікірің қандай?»,- деген жүргізушінің сұрағына Абай Бегей оған дайын еместігін айтты. Оның айтуынша, әйелі өмірден қайтқан соң, әнші үш ай бойы өз өзіне келе алмапты. Сондықтан, қазір ол анасының жоғын білдірмей балаларына бас-көз болғысы келетінін жеткізді.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз