Шымкенттің қызғаншақ тұрғыны әйелін балталап өлтіріп тастады

0
268

Шымкенттің қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында қызғаныштан әйелін өлтірген 46 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Шымкенттің қызғаншақ тұрғыны әйелін балталап өлтіріп тастады 

БАЛТА. КӨРНЕКІ ФОТО: OTYRAR.KZ

Сотта анықталғандай, бірнеше ай бойы сотталушы әйелі көзіне шөп салып жүрген деген күдікті оймен жүрген. Тіпті, құрбыларына қонаққа жібермеген. Әрбір басқан қадамын аңдып, әйелін өзімен бірге жұмысына ертіп кетіп жүрген. Сонымен қатар ер адам әйелін бақылап отыру үшін үйіне бейнебақылау камерасын да орнатып қойған.

Бір күні ер адамға аулада «әйелінің көңілдесі» пайда болғандай көрінеді. Қызғаншақ сотталушы белгісіз адамды ұстап алып, одан жауап алмақшы болады. Алайда ойлағанынан ештеңе шықпайды.

«Ол ұялы телефонының жарығын түсіріп тұрды. Ал мені көрген кезде қақпадан қарғып түсіп, тығылып қалды», – дейді сотталушы.

Белігісіз ер адамды ұстай алмай үйіне оралған сотталушы әйелінен күдіктеніп таңға дейін көз іле алмайды. Ал таңертеңмен қолына балта алып, мән-жайды анықтау үшін әйеліне келеді. Ол жұбайының басынан екі рет балтамен ұрып, содан кейін оның денесін жапқышпен жауып қояды. Кейін ештеңе болмағандай балаларын оятып, оларды мектепке апарады. Үйіне қайта келген ер адам ішімдікке тойып алып, жасаған қылмысын туған анасына барып айтып береді. Анасы сол мезетте-ақ полицияға хабар береді.

Сот алдына келген ер адам өзінің кінәсын бірден мойындады. Айтуынша, әйелін өлтіру ойында болмаған. Болған жайтқа әйелі итермелеп, оны балта ала жүгіруге мәжбүрлеген-мыс.

Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз