Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото)

0
408

Қоғамда денесі мығым әйелдер туралы біржақты пікір жоқ. Бәз біреулерге ұнап жатса, енді біреулер оларды мүлдем түсінбейді. Алайда қазіргі таңда әйелдер арасында бодибилдинг белең алуда, соған сай түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Ал, Қазақстанда бодибилдингпен айналысатын бойжеткендер көп пе?

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

БОДИБИЛДИНГ ПЕН ФИТНЕС БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТА АЗИЯНЫҢ 7-ШІ ЧЕМПИОНАТЫ

NUR.KZ порталы бодибилдингтің қызығына батып жүрген қазақстандық әйелдерді іздестіріп көрді.

Осы саланың қыр-сырына қанық маман Fitnessblitz клубының жаттықтырушысы Акбар Жармағанбетов бізге әйелдер арасындағы фитнес, бодибилдинг туралы біраз сырдың басын ашты.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото)

АКБАР ЖАРМАҒАНБЕТОВ. ФОТО ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН

Жаттықтырушының айтуынша қыздарды осы салаға бет бұруға итермелейтін бірінші мотивация – жігіттерге, не болмаса өзінің жұбайына ұнау. Маманның сөзінше, Қазақстанда бодибилдингтің «фитнес-модель» (фитнес-бикини) және «модель-физик» деген екі бағыты жолға қойылған. Ал, батыс елдеріндегідей еркекке ұқсас дене бітімін қалыптастырушы кәсіби бодибилдингпен айналысатын әйелдер бізде бар болса да, олардың саны өте аз екен.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

АКБАР ЖАРМАҒАНБЕТОВ. ФОТО: NUR.KZ

Мәселен, ақтаулық Марал Апахаеваның белсенді түрде фитнеске бет бұрғанына төрт жыл болыпты. Жолдасы әрі фитнес жаттықтырушысы Нұрсұлтан екеуі осыдан біраз жыл бұрын Ақтауда танысып, оның арты достыққа, одан соң отбасылық өмірге ұласқан.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

МАРАЛ АПАХАЕВА. КӘСІБИ ФИТНЕС-МОДЕЛЬ

«Менің осы салаға келуім кездейсоқтық. Мен толықша келген қыз болатынмын. Артық салмақтан құтылу керек еді. Ол кезде Нұрсұлтан Алматыдағы бір фитнес клубта жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. Екеуміз қыз бен жігіт болып жүргенбіз, сәті түсіп сол фитнес залға мен де келе бастадым. Түрлі сымбаты келіскен қыздарды көргенде оларға қатты қызықтым. Сөйтіп Нұрсұлтанның нұсқауларымен жаттыға бастадым. Әр нәрсе өз уақытымен дегендей, 68 келі салмақпен жаттығуды бастап, үш айдың ішінде 52 келіге дейін түстім. Тек қана спортпен айналысып қана қоймай, арнайы тамақтану режимін ұстандым. Басында қиын болды, әрине майлы тамақ жеп үйреніп қалғанбыз ғой », – дейді Марал Апахаева.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

МАРАЛ АПАХАЕВА ЖАТТЫҒУҒА ДЕЙІН ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУДАН КЕЙІН

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

МАРАЛ ЖОЛДАСЫ НҰРСҰЛТАНМЕН. ФОТО ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН АЛЫНДЫ

Осы күнгі сымбатына қол жеткізу үшін фитнес-модель бізге қандай құрбандыққа барғанын да айтып берді.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

ФОТО МАРАЛ АПАХАЕВАНЫҢ ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН

«Біріншіден, өзімнің сүйікті тағамдарымды жеуді доғардым, тәтті жемеймін. Екіншіден, мұндай мүсінге жету үшін өте ұзақ уақыт кетті»,- дейді ол.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

ФОТО: NUR.KZ

Марал Апахаева фитнес-модель категориясы бойынша екі жыл бойы бірнеше жарысқа шығып үлгеріпті. «Алатын орындарымды алдым. Тұрмыс құрған келіншекпін, енді ана атанғым келеді. Қазір Қазақстан кубогына дайындалып жүрмін. Содан соң, өз карьерамдағы соңғы жарысқа қатысатын боламын. Ол Бангкокте желтоқсан айына жоспарланған әлем чемпионаты», – дейді фитнес модель.

Бір қарағанда осы жарыс атаулыда қыздар бес минутке жетер жетпес уақыт сахнаға шығып, суретке түсіп, қайта кете барады. Осы тұста Акбар Жармағанбетовтен бодибилдинг бойынша жарыстардың мәнін сұраған едік.

«Біріншіден, сахнаға шыққан қатысушылар бес минут емес, 10-15 минут тұрады. Қарапайым халық оларды жай шыға салады деп ойлайды. Ал негізінде, олар барлық бұлшықеттерін қысымда ұстап тұрады. Оның үстіне сен күлімдеп тұруың керек. Шындығында оңай нәрсе емес, дайындыққа сегіз айдан бір жылға дейін уақыт кетеді. Диета ұстайды, жарыс жақындағанда ағзаны кептіреді, ағзада ақуыз бен көмірсулардың мөлшері азаяды», – дейді жаттықтырушы.

«Спорттық тағам» деген тіркес соңғы кезде біздің сөздік айналымымызда жиі ұшырасады. Жаттықтырушы оны тек негізгі тағамға қосымша тағам ретінде ғана пайдалану қажет екенін баса айтты. «Айта кетерлігі, аталмыш тағамдарды химиялық гормоналды препараттармен шатастыртуға болмайды», – дейді Акбар Жармағанбетов.

Мынау алматылық бодифитнес бағытын ұстанған Анэль Авлазова.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

АНЭЛЬ АВЛАЗОВА. ФОТО ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН АЛЫНДЫ

Ол қазір жеке жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Бойжеткен осы спортқа көп уақытының кеткені болмаса, басқа ешқандай құрбандыққа бармағанын айтады. «Мен осы қалпыма жету үшін төрт жыл жұмыс істедім», – дейді Анель Авлазова.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

АНЭЛЬ АВЛАЗОВА. ФОТО ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН АЛЫНДЫ

Ол осы жазда Гонконгте өткен Arnold Classic Asia-2016 біріншілігінде күміс медаль алған болатын.

«Мен бас кезінде өзім үшін фитнеспен айналыстым. Бір күні мені қалалық біріншілікке шақырды. Сахнадағы қыздарды көріп, көзім жанып кетті. Сол мезетте осындай болам деп шештім», – деген бойжеткен өзінің аптаның алты күнінде жаттығатынын айтып қалды. Денсаулығымда кінәрат жоқ деп сендірді ол.

Алматы қалалық бодибилдинг және фитнес федерациясы төрешілер коллегиясының мүшесі Бахтияр Иманбеков қыздардың бодибилдингке қызығуының себебін сымбаттылыққа ұмтылуында деп есептейді.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

БАХТИЯР ИМАНБЕКОВ. ФОТО: NUR.KZ

«Әр әйел сұлу, сымбатты болғысы келеді, біреулер жай арықтау үшін келеді де кейін қызығушылық пайда болып, кәсіби түрде шұғылдануды бастайды. Әркімде әртүрлі мотивация», – дейді жаттықтырушы.

Бахтияр көшеде кетіп бара жатқан қыздардың арасынан залға барып жүрген бойжеткендерді оңай ажыратады екен. «Қайсысының залға баратыны аяғы мен бөксесінен білініп тұрады. Жігіттерге әрине, дене бітімі келісті, мығым бойжеткендер ұнайды», – дейді ол.

Бахтияр Иманбековке жаттығуға келетіндердің 60-70 пайызы нәзік жандылар екенін айта кету керек. Акбар Жармағанбетов те осы сандарды атап отыр. Ал әйел жаттықтырушы Анель Авлазова керісінше өзінде көбінесе ер адамдардың жаттығатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда фитнес залдардың дәурені жүріп тұрған заман. Қала тұрғындары тіпті кейде осы жерден өзіне өмірлік серік іздеп келетін көрінеді. Мұны жаттықтырушылар да жоққа шығармайды.

Қалай десе де, пластикалық ота арқылы артық майын алғызғаннан гөрі табанды түрде жаттығу арқылы салмақтан арылуға болатынына көз жеткіздік. Тіпті өзіңізге қажетті дене бітіміне жаттықтырушыңызға «тапсырыс» беріп қол жеткізе аласыз.

Алайда, ұзақ уақыт еңбектенгенге ерініп, түрлі препараттар арқылы жедел түрде бұлшықет өсіргісі келген бодибилдерлердің аянышты тағдырын естен шығармаған жөн.

Мына жігіттің аты Клаус Доринг. Оның білегіндегі бұлшықеті (бицепс) ойдағыдан да асып түскен.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

ФОТО: ZEVSPORTAL.RU

Соңында бұлшықеті жыртылып, оны тіктіруге мәжбүр болды. Кей жағдайда оның арты мүгедектікке апаратыны белгілі.

Қазақ қызы сымбатын мінсіз ету үшін қандай құрбандыққа барды? (фото) 

ЖЫРТЫЛҒАН БҰЛШЫҚЕТ. ФОТО: ZEVSPORTAL.RU

Батыстан бастау алған бұл бағыт Қазақстанда соңғы 15 жылда қарқынды түрде дамып келеді екен. Жаттықтырушылар дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды дәріптейтін бұл құбылыстың болашағы алда деп отыр.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз