Қазақ эстрадасындағы ең романтик әнші кім? (фото, видео)

0
294

Жуырда ғана шаңырақ көтерген Серік Ибрагимов қазақ эстрадасындағы ең романтик әнші болып тарихта қалады деп жазады Экпресс К басылымы.

Себебі ол шоу-бизнес тарихында өз тойында клип түсірген алғашқы әнші.

Қазақ эстрадасындағы ең романтик әнші кім? (фото, видео) 

СЕРІК ПЕН АЙНАМКӨЗ. ФОТО ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАДАН АЛЫНДЫ.

Негізінде, Серік Ибрагимовтың қазақ эстрадасына келуіне оның махаббаты түрткі болған екен. Ол үйіне келін ғып түсірген Айнамкөз арудың артынан бес жыл жүгіріп, жауапсыз махаббатына арнап «Кел маған» атты әнін арнаған.  «Менің сүйетініме сенбейсің» дейді Серік өз әнінде. Осылайша, ешкім танымайтын қарапайым қызылордалық жігіт жұлдызға айналып шыға келді.

Жуырда ғана 500 адамға дүркіретіп той жасаған Серік әзер дегенде қол жеткізген қалыңдығы Айнамкөзге дәл осы әнді орындап берді. Оны естіген қалыңдығы көптің көзінше көзіне жас алды. Қалыңдығына арнаған әні мұнымен біте қойған жоқ, «Махаббатым» деп аталатын жаңа әнін де ол өмірлік жарына арнап жаздырған. Бір қызығы, кәсіби операторлар бұл сәтті жіберіп алмауға тырысып, оның әрбір қимылын кәсіби түрде камераға түсіріп бақты. Соған қарағанда әнші дәл осы сәтті жаңа әнінің бейнебаянында қолданғысы келген деп топшылайды басылым.

Қазақ эстрадасындағы ең романтик әнші кім? (фото, видео) 

РОМАНТИК ӘНШІ СЕРІК. ФОТО ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАДАН АЛЫНДЫ

Әртістің Айнамкөзге тұрмысқа шығу туралы ұсынысы да ерекше өтті. Ол балалар пойызын жалға алып, оған бүкіл достарын отырғызып, гүлмен көмкеріп, қыздың есігінің алдына бір-ақ келген.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз