Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

0
351

Ақтөбе облысында ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт психдиспансерге қабылданды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды 

КАДР «КТК» АРНАСЫНАН АЛЫНДЫ

Талмасы ұстаса ешкімге бой бермей кететін Азамат Боқановтың диагнозын мамандар бір ай ішінде анықтаймыз деп отыр.

25 жастағы бұл жігіт осыдан 6 жыл бұрын әскерде соққы алған. Содан үйіне  оралғалы бері отбасыда береке жоқ. Өйткені зіңгіттей жігіттің ауруы қозғанда әл бермей, көзіне көрінгенге тиіседі. Тіпті, әкесінің саусағын шайнап тастаған. Сондықтан көтерілгенде кісендеп қояды екен. Енді мамандар оны бір ай психдиспансерде емдеп, ұстамасының себебін анықтамақшы. Кейін мүгедектік рәсімдеуге көмектесеміз деп отыр. Бірақ науқасты үнемі оқшау ұстауға болмайтынын айтады.

Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Данияр Шалтақовтың айтуынша, науқасты дәріханаға жатқызудан басқа амал жоқ.

«Науқасты мұнда оқшаулап ұстап отыра алмаймыз. Сондықтан диспансерден шыққан соң үйде дәрілерін уақытылы беріп отыру керек. Талмасы ұстамаса ешкімге зияны жоқ. Мұндай дертке қатты соққы мен психологиялық күйзелістің кесірінен шалдығады адамдар», – дейді ол.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз