Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерін аштық пен өлімнен құтқарып қалды (видео)

0
417

Алматылық еріктілер ас-суы жоқ салқын үйде жалғыз тұрып жатқан әжейді аштықтан құтқарды.

Бұл туралы «Клуб добряков Алматы» тобының желідегі парақшасында жарияланды деп жазады NUR.KZ.

Еріктілердің айтуынша, кейуана тұрып жатқан үйде мүлде жылу жоқ. Әжей үш күн бойы тамақ ішпеген. Ал оның ешқандай да әлеуметтік жұмысшысы болмапты.

Кейуананың туыстары алыста тұрады. Ал өзімен көрші тұратын жақын туысы оның барлық құжаттарын алып кетіпті. Қарттар үйіне барғысы келмейтін әжей өз үйіне пәтер жалдаушылар келгенін қалайды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз