Елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейі анықталды

0
226

2016 жылғы қазанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23459 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2015 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,5%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,4%, жемістер мен көкөністерді – 15%, нан және жарма өнімдерін – 8,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,5%-ды құрады.

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз