Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

0
250

4 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қаттыжауын-шашын жауады. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 18-23, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. 4 қарашада күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, түнде 5-6 қарашада 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендейді. 4 қарашада түнде және таңертен Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 4 қарашада түнде және таңертең жел солтүстік-батыстан соғады, күші 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

ҚазАқпарат

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/kazakstannyin-brkatar-aymaktaryinda-eskertu-jariyalandyi-89403/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз