Жаңа Зеландиядағы жойқын жер сілкінісіне қазақ студенттері де куә болған (фото)

0
350

Күні кеше жойқын жер сілкінісі тіркелген Жаңа Зеландияда отандастарымыз да болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Аралдарға білімін арттыру курстарына кеткен студенттердің аздап қорқып қалғаны болмаса, дін аман.

Күші 8 баллдық жер дүмпуі дүйсенбі түні аралдың астан кестеңін шығарған. Жүздеген үй опырылып, тас жолдар ойылып қалды. Артынша тағы 6 балдан асатын күшпен қозғалған жер мұхитты жағалай орналасқан маңайдағы басқа да аралдарға әсер еткен.

Әзірге, 2 адамның қаза тапқаны айтылуда. Екеуі де жергілікті тұрғын. 1200 турист қауіпсіз жерге көшірілген. Жақын күндері Жаңа Зеландия оларды өз елдеріне қайтармақ.

Апаттан аса ауыр зардап шеккен – Каикаура аймағы. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар киттерді тамашалауға келеді екен.

Жойқын зілзалаға қазақ студенттері де куә болған. Құдай сақтап, шетелде оқып жүрген қандастарымыз жер асты дүмпуі ошағынан қашық аралда қоныстаныпты.

«Сабақ оқып отырғанбыз. Терезе, есік қозғала бастады. Ата-аналарымызға аман екенімізді айттық», – дейді студент Ерназ Қазиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз