Алматыда қарақшылар зейнеттегі кейуананы үтікпен қинап, ақша талап еткен

0
429

Алматы полициясы Алатау ауданында тұратын зейнеткер әжейдің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды тергеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бірнеше апта бұрын түнде төрт ер адам зейнеткердің үйіне басып кірген. Олар егде адамды байлап қойып, ақша талап еткен. Оқиға салдарынан 68 жастағы кейуана ауруханада жатыр. Қаскөйлердің оны үтікпен қинағаны белгілі болды.

Қарақшылар екі жүз мың теңге мен алтын бұйымдарды қолды еткен көрінеді.

Алматы ІІД өкілдері қарақшылықтың болғанын растады. «15 қарашада бұл дерек Алатау ауданының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 192-бабының 2 тармағы «Қарақшылық» бойынша тіркелді. Жедел топ құрылып, қылмыстың бетін ашу бойынша шаралар жүріп жатыр», – дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Істің басқа мән-жайы айтылмады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/almatyida-karakshyilar-zeynetteg-keyuananyi-utkpen-kinap-274737/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз