Х.ҚОЖА-АХМЕТТІҢ ЕКІНШІ РЕТ ЖАПҚАН ЖАЛАСЫНА М.ШАХАНОВ пен ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ

50
431

«Алматыда көтеріліс болып жатқанда, желтоқсанның 19-ында Шаханов Мәскеуде өзінің жыр кешін өткізіп жатқан. Сондықтан ол Желтоқсан оқиғасына еш қатысы жоқ адам.»

Хасен Қожа-Ахмет,

(«Аңыз адам» журналы, №12, 2012 ж.)

«Хасен Қожа-Ахмет өзінің сотқа жазған арызында Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға тигізген залалын бастан-аяқ тізімдеп шығыпты. Оның айтуынша, М.Шаханов 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі күндері Мәскеуде ақындық кешін өткізіп жүреді. Сол кезде Мәскеуде жүрген студент Ербол Байжарқынов Алматыдағы қан-жоса қырғын туралы М.Шахановтың кешіне келген қазақ диаспорасына, шетелдіктерге хабарламақ болғанда ол «Не айтатыныңды білемін, кет, кешімді бұзасың!» деп, оған микрофон бермей, КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті…

Берік Мыңжасар,

Хасен Қожа-Ахмет Мұхтар Шахановты сотқа берді»

www.serke.org сайты, 25 маусым, 2012 ж.)

Возмущен г-н Кожахмет и тем, что Мухтар Шаханов назвал его агентом спецслужб (он якобы сказал это в эфире радио “Азаттык”).

“Значит, выходит, я, трижды судимый по политическим статьям, оказываюсь кагэбэшником, а он, чистый коммунист, патриотом стал?! Он и про меня, и про других говорит, что мы – агенты КГБ, клевещет на желтоксановцев, – подчеркнул собеседник.

Мухтар Шаханов должен ответить за слова, – Х.Кожахмет»

сайт http://www.kursiv.kz,

25 июня 2012 г.)

Х.Қожа-Ахмет неге менің соңыма шырақ алып түсіп алды дегенге келсек, оның мәнісі мынадай. Бір-екі жыл бұрын мені «Азаттық» радиосы тікелей эфирге шақырды. Сол тұста Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов Желтоқсан көтерілісін аяғына дейін алып барған жоқ», – деп ескі әуеніне қайта басты. Мен де Хасеннің үстінен бір топ желтоқсаншылар арнайы хат жолдағанын, онда Х.Қожа-Ахметтің жыл сайын Қауіпсіздік комитетінің демалыс үйінде тынығатыны туралы айтылғанын тілге тиек еттім. Желтоқсан оқиғасын тексеру кезінде осы хатты Қауіпсіздік комитетінің төрағасына көрсеткенімді және оның бұл туралы айтқан пікірін радио арқылы жұртқа жариялап жібердім. Хасеннің мені атарға оқ таба алмай жүргені, міне, осыдан… «Жас қазақ үні» газетінде журналистің сұрағына орай, мен мынадай пікір білдірдім: «Желтоқсан оқиғасын тексеретін комиссия құрып, оның жұмысын жүргізіп жатқанымда осы Хасен Қожа-Ахмет маған келе қалды. Нақ сол сәтте хатшы қыз маған бір хат әкеліп берді. Онда Желтоқсан көтерілісі кезінде Қауіпсіздік комитетіндегілер бір мәшинеге толтыра арақ тиеп, алаңға жиналған жастарға әкеліп таратқан екен. Хатты сол мәшиненің жүргізушісі, «Еңбекшіқазақ» ауданының тұрғыны жазыпты. Хасен хатты оқи сала, осыны өзі тексергісі келетінін айтып, менің рұхсатыммен хатты қалтасына салып алды. Ақырында сол хатты ұшты-күйлі жоқ етті…» Осыны Хасен Қожа-Ахмет өтірік депті. Айта берсін. Сол кезде менің қасымда отырған, мұны түгел дәлелдеп беретін адамдар бар.

Б.НҰРАСЫЛ,

Шейх пен Шахановты сотқа берді»

«Халық сөзі» газеті, 26 маусым, 2012 ж.)

Халыққа көп тарайтын «Өмір-ай» газетінің 2010 жылғы 9 маусымдағы санында «Хасен Қожа-Ахмет – графтың тұқымы» деген мақала жарияланыпты. Мақаланың жарыққа шығуына Хасеннің өзі себепкер болғаны көрініп тұр. Әйтпесе оның анасы Екатерина Лисовскаяның, нағашы атасы Александр Лисовскийдің, анасының күйеуімен, Хасенмен түскен, барлығы 5 суретін журналистер қайдан ала қойсын? Мақалада Хасеннің атасы Александр Лисовскийдің беделді ақсүйектің бірі болғаны және ол кісінің орыстарға қарсы күрескені мақтанышпен баяндалыпты. Желтоқсандықтар оның анасының еврей ұлтынан екенін жиі айтатын. Байқауымша, сол рас сияқты. Онда тұрған не бар дейміз ғой. Бірақ еліміздегі ұлттық мүдденің басында жүрген сізге Хасен Қожа-Ахметтің кілең өтіріктерді құрастырып, 70 жылдық мерекеңіз тойланғалы жатқан тұста шабуыл жасауы және бірнеше телеарналарды, газеттерді бұруының арқасында бір ресейлік топ тұрғанын шамалауға болады.

Ал Х.Қожа-Ахметтің Шаханов Мәскеудегі поэзия кешінде Ербол Байжарқыновты «КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті» дегені шылғи өтірік. Мен Ақтөбе қаласында тұратын оның әкесіне хабарласып едім, (Ербол жол апатына ұшырағандықтан, қазір қатты науқас) ол Хасеннің ойдан шығарған өтірігіне қатты қапаланып отыр екен. Міне, мәселе қайда жатыр?

Соңғы жылдары Хасен сіздің беделіңізді түсіруге көп күш жұмсап жүр. Өткен жылы Абай ескерткішінің қасында болған демократтар жиынында «Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы» атты ойдан шығарылған, өсектерге құрылған 24 парақтық жинақты жұртшылыққа таратып жүргенін өз көзіммен көрдім. Аңғарғаным, бұл жігіт сізді атарға оқ таба алмай жүрген секілді…

Назарбек ҚАНАФИЯҰЛЫ,

филология ғылымдарының кандидаты

(Авторға жолданған хаттан үзінді)

«Жас қазақ үні» Ермұхамбет Ертісбаевтан бастап “Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлерді тізіп жатыр. Олардың ішінде Хасен Қожа-Ахмет те бар. «Орыстілді «Взгляд» газетінің 2011 жылғы 28-қыркүйек күнгі санында мемлекеттік тіл мүддесін көтерушілерге қарсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов сейчас «напугает» все русскоязычные населения своими псевдопатриотическими выступлениями (смысл таков: не дай бог, придут к власти национал-патриоты и начнут политику вытеснения всех русских), и оно потянется к действующему президенту, который таких высказываний никогда не допускает. Вкупе с этим Шаханов дискредитирует и саму идею развития казахского языка как государственного. Да, определиться со статусом русского и казахского языков на законодательном уровне необходимо, но не такими методами, как он предлагает», – деп жала жапқан болатын. Ал, 2-қазан күні «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында соңғы кездері тек қана Мұхтар Әбләзовтің ықпалымен ғана қозғалатын Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті».

Е.Бердібек,

(«Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті»

www.serke.org сайты, 8 қазан, 2011ж.)

«…Д.Әшімбаев мақаласында Желтоқсан оқиғасы төңірегіндегі билік тарапынан кеткен әділетсіздікті тұңғыш рет Республика ауқымында ғана емес, әлемдік деңгейде де көтерген Мұхтар Шахановтың Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің пленумында, Г.Колбин саясатының дәуірлеп тұрған кезінде сөйлеген сөзін бұрмалап жариялаған газеттен үзінді келтіріп, оның беделін түсірмекке күш салады. Мұны Шахановқа бұрыннан тісін қайрап жүретін, ақынның халық арасындағы беделін мүлде қабылдай алмайтын  Жасарал Қуанышалин  мен  Хасен Қожа-Ахмет өзінше пайдаланбақ оймен  алдымен баспасөз маслихатын өткізіп, 2011 жылдың 5-қаңтары күні интернетте (quorum.kz) мәлімдеме жасапты. Бұған қоса олар өте үлкен таралыммен «Об истинном облике Мухтара Шаханова» (Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы) атты көлемі кішігірім повестей парақша-жинақ шығарып, онысын арнайы жасақталған топ арқылы мекемелерге, жоғарғы оқу орындарына, халық көп жиналатын жерлерге, тұрғын үйлерге тарата бастапты. Заңға тікелей қайшы келетін бұл шараға қаржыны кім беріп отыр және Қуанышалин мен Қожа-Ахметтің артында кімдер тұр? Егер  парақша-жинақтың сөзіне илансақ, Шахановтың ел игілігі үшін жасаған иненің жасуындай да игілікті ісі жоқ екен. Екеуінің  ойдан шығарған өтіріктері аздай, аттарын бүркеп, интернеттегі өздері жазған және есімі белгісіз біреулердің өсектерін негізге ала отырып, оны «ұлт», «тіл», мүдделерін сатты деп ғайбаттаған былапыт сөздерді шамасы жеткенше сапырғанын оқу үлкен қиындық тудырады.

«Какое он имел право так говорить от имени народа?.. А спустя два года после нашего освобождения Шаханов выступал в Москве в течение трех минут и стал героем Желтоксана. Но на самом деле во время Декабрьских событий его вообще в Казахстане не было, он проводил в Москве свой поэтический вечер и даже близко не подходил к восстанию…» – дейді Хасен Қожа-Ахмет. Олардың өрбіткен өсегіне сенсек, Шахановтың Желтоқсан көтерілісінің мүддесінде де, Арал қасіреті, ұлт, тіл, мәселесі төңірегінде де шаруасы болмай, билікке түгелдей сатылып, бір байдың 17 жасар бүлдіршін қызына үйленіп, Бішкекке Қазақстанның Елшісі қызметіне тайып тұрыпты. Түптеп келгенде “Қазақстандық ұлтты» да, Кедендік Одақ пен Қытайға жер берілуге қарсылықты да, алғаш рет ұйымдастырған Шаханов басқарған «Тәуелсіздікті қорғау» қозғалысы емес сияқты… Шаханов «Қазақстандық ұлтқа» қарсы аштық жарияламақшы болғанда бүкіл ел көтеріліп кете жаздады. Төрт мыңнан астам адам ішінде атақты әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері де бар, онымен бірге аштық жариялауға тілек білдірді. Соның арқасында билік олармен санасуға мәжбүр болып, «Ел бірлігі» доктринасындағы «Қазақстандық ұлт» идеясы түбірімен алынып тасталды және доктринаға «Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге тиіс» – деген сөйлем ендірілді. Бұл аз жеңіс пе еді?..

Желтоқсан шындығын әйгілеу жолында Мырзалиев комиссиясынан басқа 4 комиссия құрылғанын, оның бәрінде Горбачев билігімен кескілескен күрес жүргенін жұрттың көбі біле бермейді. Комиссия шешімі бойынша билік басындағы 41 адамды жауапқа тарту шешімі де, тіпті көтеріліс кезінде қаза болған белгісіз адамдар туралы прокуратураға ұсынылған құжаттар да тексерусіз, жылы жабылған күйде қалса, оған да Шаханов кінәлі ме?

Желтоқсаншы Хасен Қожа-Ахмет қаншама жылдардан бері жұрттан қол жинап, өзін «Халық қаһарманы» атағына ұсындырудан жалықпай, шаршамай келе жатса, Шахановтың бұл саладағы түсінігі мүлде басқа. Ол жиырмадан астам шет мемлекеттердің құрметін көріп, сый-сияпатын иеленсе де, Қазақстан билігі ұсынған шен-шекпендерден, орден-медальдардан, Халық қаһарманы атағын бермек болған биліктің ұсынысынан да өз ұстанымы бойынша жүйелі түрде бас тартты. Желтоқсан шындығын қалыптастыру төңірегіндегі істерін және ұзақ жылғы қоғамдық шараларының бәрін ел алдындағы азаматтық борышым деп білетін М.Шахановтың бұл мәселедегі ұстанымы мынадай: «Отан – біздің ең ұлы анамыз. Әркім өз анасына сіңірген еңбегі үшін жылу дәметпеуі керек. Бірақ Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Бірақ ол өте әділетті болуы қажет. Қазір кез келген үлкен ұрының екі орден үш медалі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді.» Міне, не істесе де өз ар-намысының жетегінде қызмет атқаратын қазақтың қайсар ақынына ешкімнің қара күйесі жұға қоймасы анық. Дегенмен, адамды қорлау мен тұқыртудың осындай абыройсыз түріне жүгінген екі азаматымыз желтоқсан көтерілісіне жала жауып отырған Д.Әшімбаевқа қарсы пікір білдірудің орнына, Әшімбаев келтірген, Колбин билігі тұсында Шахановтың бұрмаланған бір сөзін ту ғып көтеріп, мұндай абыройсыз қимылға баруы шектен шыққан ұят іс болды…»

«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің атынан: Бақтыбек Иманқожа (төраға), Құрманғазы Айтмырза, Үсіпхан Сейтімбет, Ермұхамед Қуандықов, Ерлан Декелбаев, Құдайшүкір Абдуллаев; Нұрлыбек Қуаңбаев, «Желтоқсан» Республикалық халықтық-патриоттар қозғалысының төрағасы; Жансая Сәбитова,Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, Алматы қалалық жаппай қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрайымы; Шора Қарабаев, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің доценті; Төлеген Әлжан, «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын тексеру және оған түпкілікті баға беру комиссиясы жұмысшы тобының мүшесі; Ғазиз Алдамжаров, Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы; Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының бас редакторы; Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор; Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; Смағұл Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Әзімбай Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Рысбек Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Ермұрат Бапи «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; Серғазы Мұхтарбек,«Қазақстан» газетінің бас редакторы; Қоғабай Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы, ҚР енбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреат; Қазыбек ИСА, «Жас қазақ үні» газетінің Бас директоры,ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері… Барлығы 51 адам қол қойған.

(«Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығы жетiм

қыздың тойындай өтпеуi тиiс»

«Жас Алаш» газеті, 25 қаңтар 2011 ж.)

 

 

«Әр адамның пенделігі өз тағдырын шешеді…»

Мұны ұғу қайда саған Қожа-Ахметтің Хасені.

Амал нешік, қызғанышың қайсар және батыл-ақ,

Асанова Ләззатқа да шаштың қара топырақ.

Тағдыр сені қаралаудың сарбазы етіп қойғандай,

Соттасып ең, абыройың төгілді одан айрандай.

Бір пәтуә таба алмастан ісіңнен, не сөзіңнен,

Қаншама адал желтоқсаншы азап шекті өзіңнен.

 

Сенікі не? Пенделік пен қызғаныштың шатысы?

«Шахановтың Желтоқсанға жоқ, – дейсің – еш қатысы!»

Бүкіл Кеңес билігінің парқына мұң түсіріп,

Кремльдің, Горбачевтің зәре-құтын ұшырып,

Дел-сал шақта қайта оятып, ел намысын бөгелген,

Қайтер еді ұлт,

Желтоқсанды көтермесем егер мен?

 

Бірақ мені мадақтаудың қажеті жоқ ол үшін,

Мұнда ерлік жоқ. Ол жай ғана азаматтық борышым.

Сол үшін де еңсем биік, сол үшін де асқақпын,

Билік берер барлық мақтау, марапаттан бас тарттым.

 

Қожа-Ахметтің маған қояр өкпе-назы көп екен,

Менің тілдік мүддеге де «еш қатысым жоқ» екен.

Жә, солай ма? Онда бір сәт үңілелік өткенге,

Орыс тілі мемлекеттік мәртебе алып кеткенде,

Құтылғандай иірімі мол ұлттық, тілдік азаптан,

Талай рухсыз депутаттар – ұлтсыз шалақазақтар,

Бір-бірімен құшақтасып, құттықтасып жатқанда,

Дабырласа, қауымдаса ұлт мүддесін сатқанда,

Мен зор айқай көтермесем,

қанып рухсыз айызы

Орыс болып кетер еді ұлттың сексен пайызы.

Әрине, олар МҒҚ* боп, бас қойып зор білімге,

Сөйлер еді Хасекеңнің анасының тілінде…

 

Пайымсыздық батпағына батқан жансың белшеңнен.

Ал өзіңнің бір еңбегің болды ма екен ел сенген?

Шексіз даңққа құштарлығың жазды аңсаған даладай,

Президент те болғың кеп жүр өз шамаңа қарамай.

Жаның құмар әрқашан да дау-дамай мен шатаққа,

Өзіңді сан ұсындырдың «қаһармандық» атаққа.

Рас, өсек, өтірікті айналдырған ғажапқа,

Сендей «рухсыз қаһарман» бар қазір біздің қазақта!

Мұқтар ШАХАНОВ

________________

МҒҚ* – мордиясы ғана қазақ

 

                                                             МҰЗБАЛАҚ

                                                                  Мұхтар Шахановқа

Адалдықтан жаратылған жүрегің,

Адамдық деп басталады тілегің.

Шын ағасы Шыңғысты да сүйсінткен,

Шығыстағы шығандаған Шың едің.

 

Зұлымдыққа ашып қарсы майданды,

Алып қыран қанатын кең жайған-ды.

Дала-дархан, теңіз-терең,  тау-биік,,

Жыр Адамзат азығына айналды.

 

Алпамыс пен Манастайын айбары,

Саңлақ туған ақиыққа сай бәрі …

Алатаудың қос баурайын қосатын,

Қазақ-қырғыз туыстығы айғағы.

 

Тіл мен жері –  ақындардың жалауы,

Күресте ғой дүлдүлдердің жарауы.

Сендей ақын –  халықтың бұл қалауы.

Жетпіс жылдық тасқамалды қаусатты,

Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

 

Қияларда қанатыңыз талмасын,

Әл-Фараби,  Арыстанбап қолдасын.

Ой ордасы – Отырарда туған соң,

Оймен алдың әлемнің бар ордасын.

 

Дауылдарға сыр бермеген  Бәйтерек,

Ақтабаннан аман шыққан,

Тәуелсіз  ел зарын бүгін айт, ерек!

Өз елінде өгей тілді қорғадың ,

Сертке тартқан семсердейін сен болмасаң   қайтер ек?!.

 

Ел егемен болса-дағы қауіп бұлты торлаған…

Елдің мұңын айта алмайды ездер ғана сорлаған.

Ерліктерің тек перзенттік борыш қана сен үшін,

Бір өзің – бір партиясың,  халық ең көп қолдаған!

 

Ұлт мүддесі жолында сап әдемі із,

Ұлтшылдардың көсемінің  ұлтыменен жаны егіз.

Испанияда стадионында бұқадан да бұқпап ең,-

Өз еліңде мүйіздемек санасы жоқ сан өгіз…

 

 

Өзің жайлы жинап әлем не дерек,

Шындық үшін шықтың алға  керемет.

Ең сүйікті ақынысың елдің сен,

Ал ақынға бұдан артық не керек!

 

Кедергінің көрсе дағы қандайын,

Биік ұшқан мұзбалақ ең әрдайым.

Тамыр тартқан талантыңа тамсанып,

Талай тарлан ойып алған таңдайын.

Ұлы есімге сай туылған ұлы едің,

Әрқашанда жарқырасын маңдайың.

                                                             Қазыбек ИСА

50 ПІКІРЛЕР

  1. Х.ҚОЖА-АХМЕТТІҢ ЕКІНШІ РЕТ ЖАПҚАН ЖАЛАСЫНА М.ШАХАНОВ пен ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ. Хасен «үш әріптің» тыңшысы ма?

  2. Ей! Хасен Қожа-Ахметтің анасы Қазақстанда туған және ол кісінің тек қазақша сөйлегенін Хасан Оралтай жазды емес пе!

  3. Тарихымызды алаяқтарға қорлатқызбаймыз! ( 21.06.2012 ж. сағ.11.00. Алматы қаласы Бостандық ауд. соты алдында (Байтұрсынұлы көш. 145) өткізілетін Желтоқсандықтардың баспасөз конференция хабарламасы) Қазақ халқының сан ғасырлық тәуелсіздік үшін күрестерінің шешушісі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазірде ұлт мақтанышына айналды. Көтеріліске қатысып, сүргінге ұшыраған азаматтарға заңмен материалдық жәрдем қарастырылған. Осыны пайдаланған қоғамдағы бұзық пиғылды кейбір жандар өздерін «желтоқсандықпыз» деп жариялап, жалған құжаттар жасап, материалдық пайда табу жолына түскені анықталынып отыр. Қазақ халқының батырлық тарихын, желтоқсандық-тар мен олардың туыстарының кешкен азаптарын тәлкектеушілердің масқара істеріне бұдан әрі төзуге болмайды деп есептеген желтоқсандықтар мұндайларды тыйу үшін қылмыстық іс қозғатуға заң орындарына мына адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрап арыз тапсырды. Олар: 1. Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы. 4 түрлі жалған құжат жасап, «Қуған-сүргін құрбаны» ретінде «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалін, Алматы қ. әкімдігінен 2 бөлмелі пәтер, Әлеуметтік қорғау департаментінен 25 000 тг., т.б. заттай сыйлықтар алған. ҚР Бас Прокуратурасы (24.02.2012 ж. хаты) Г.Е.Жуніске ешқандайда құжат бермегенін айтып отыр. Г.Е.Жүністі ҚК 325-бабымен қылмыс-тық жауапқа тартуға Алматы қ. Медеу ауд. прокуратурасына 13.04.2012 ж. арыз тапсырылды. 2. Босманова Үміт. 1986 ж. 18 желтоқсан күні Бас киім фабрикасында істейтін бес қыз алаңда ұсталып, цех жиналысы кепілдікке алмақ болғанда: «Мұндай бұзақыларды соттату керек!» – деп, істерді сотқа тапсыруға ықпал жасаған. Сөйтіп бес қыз 2-3 жыл мерзімдерге сотталған. Бұған қоса ол тергеушілер тапсырысымен осы қыздарға: «Егер мына фотодағы кісіге (Хасен Қожа-Ахметке) жала жапсаңдар, сотталмайсыңдар» деп, сатқындық жасауға үгіттеген. Ү.Босманова еш моральдық құқығы болмаса да, «Желтоқсан жалауы» деген ұйымды тіркетіп, «желтоқсандық» ретінде үкіметтен заттай сыйлықтар, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалін, т.б. сыйлықтар алып келеді. Сондықтан оны ҚР ҚК 177 –бабының 1-ші тармағымен жауапқа тарту сұралған арыз Алмалы ауд. сотына 30.04.2012 ж. тапсырылды. 3. Әлжанов Төлеген. 1986 жылы милиция капитаны болған ол 17-18 желтоқсанда Алматы алаңына взвод басқарып барып, халықты сабағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 1990 ж. «Желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясына» қатысу арқылы өзін «желтоқсаншы» деп жариялап, «Желтоқсан жаңғырығы» деген ұйым тіркетті. Содан бері БАҚ арқылы, оқу орындарына барып жастарға «патриоттық тәрбие беру» әңгімелерін айтып жүр. Астанаға шақыртылып, «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталды. Сондықтан арызда Бостандық ауд. сотынан – Желтоқсан көтерілісі атынан ұйым құруға, сөйлуге моральдық құқығы жоқ Т.Әлжановтың ұйымын жаптыру және медалді қайтарту; осы істері үшін ҚР ҚК 177 бабымен жауапқа тарту сұралды. 4. Шаханов Мұхтар. 1986 жылдың Желтоқсан көтерілісі күндері Қазақстанда болмай, Мәскеуде ақындық кешін өткізіп жүргенде (20 желтоқсанда) студент Ербол Байжарқынов Алматыдағы қан-жоса қырғын туралы Шахановтың кешіне келген қазақ диаспорасына, шетелдіктерге хабарламақ болған. Бірақ М.Шаханов микрофон бермей: «Кешімді бұзады!» – деп, оны КГБ қызметкерлеріне ұстаттырып жіберген («Қазақ әдебиеті», 27.01.2006); Желтоқсандықтар түрмеде тергеуде жатқан 1987 жылғы наурызда М.Шаханов, комсомолдық жастан асып кете тұра (45 жаста), Алматыда ҚазССР Комсомолының пленумына барып: «Желтоқсанда алаңға мәңгүрттер шыққан, олардың қазақ халқының атынан сөйлеуге еш құқығы жоқ» деп, көтерілісшілерді «творчестволық интеллигенция қолдамайтынын» үкіметке білдіріп, оларды жасқанбай қатал жазалауға «батасын берген» («Время» газ., 16.12.2010). Үш жылдан соң, түрмеде тек 8 желтоқсандық қалған кезде, ол 180/о өзгеріп, «желтоқсандық-тарды қорғаушы» бола қалған. Бірақ оларды «КГБ-нің агенттері болған» деп жалалап, ал өзін жарнамалап, көтерілісті шапан кию, ас жеудің «Шаханов-шоуына» айналдырып, «зерттеп, шешіп» келеді. Биыл да ол (өзінің 70 жылдығына орай) Желтоқсан көтерілісін бизнеске айналдырып, компакт-диск, кітап шығарып, оқу орындары басшылары арқылы оқушыларға зорлап сатқыздырғаны жайында ата-аналардан шағымдар түсуде…Осындай қылықтары үшін сотқа М.Шахановты ҚР ҚКодексінің 129-бабы (жала жабу-клевета), 130-бабы 1-тарм. (желтоқсандықтарға БАҚ арқылы тіл тигізу, қорлау);177-бабы (алаяқтық) арқылы қылмыстық іс қозғауға арыз берілді… Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар.

  4. М.Шахановтың шулатып жүрген «Доктринасында» қазақстандық ұлт туралы бір ауыз да сөз жоқ екен. Х.Қожа-Ахмет оның бұл шулатуын «Қазақстанды Ресеймен кедендік одаққа» кіргізуі мәселесінен халықтың назарын бұру үшін биліктің берген тапсырмасы екенін әшкерелеуінен соң М.Шаханов, Б.Әбілевтердің Хасекеңді атарға оғы болмай жүр.

  5. М.Шахановтың сабын көбігіндей боскеуде, жалған батырлығына көпшілік әдейі, біле тұра «алданады». Өйткені «Президентке хат жазудан» аспайтын оның «ерлігі» оның өзі сияқты қорқақ «қайраткерлердің» істің нәтижесі үшін күреспей өз қорқақатықтарын жасыруға өте қолайлы. Шахановтың жақтаушыларының көп болуы – қоғамымызда тек тіл-жағымен күресетін қорқақтардың көптігін байқатады.

  6. Айналайын, Арыстан деген псевдонимді иеленген, Хасеннің не Жсаарл мырзаның адамы. Бір нәрсені айтайын, мынау жазып отырғаның ешқандай құжатқа негізделмеген болтавня. Қашан газеттерге жарияланған мақалалар дерек көзі болып табылып еді? Айтшы?! Нақты ешқандай дәлел көріп отырғаным жоқ мына жазғандарыңнан. Бос сөзді бықсытып жазып кеткенсің? Өзің оқыған-шоқыған азаматпысың, айналайын.
    Ербол Байжарқынов деген азаматпен Назарбек Қанафия деген ұлт жанашыры ағамыз телефон арқылы басйланысқан. Әрине, мына жағдайды анықтамаққа. Қазір Ербол жол апатына ұшырап жатыр екен. Алай телефонды алған әкесі де олардың отбасыларымен Хасеннің Мұхтарға жапқан жаласына қайран қалып отырғандарын, ауыздарының ашылып қалғандығын айтқан. Ербол Байжарқыновты демек Шаханов ешқашан КГБ-ға тапсыруы мүмкін емес. Шахановтың 1989 жылы Кремльде бүткіл Желтоқсаншы қазіргі қақармандарыды қорғап ССР-дің қылышынан қан тамып тұрған күннің өзінде сөйлеген сөзі интернетте жарияланып та кеткен. Егер Шаханов болмаса, қазіргі желтоқсаншы деп ардақтап жүрген батырларымыз түгелдей алаңға шыққан алқаштар, наркомандар, әсіре ұлтшылдар ғана болып қалмақ еді. Сондықтан Хасеннің мына пунктермен беріп отырған дәлелсымақтары түгелдей жала.

  7. Хасен деген еврей қазаққа не жақсылық істейді. Арнайы тапсырма бәрі.

  8. Жасарал Мусиннің тапсырмасын орындаушы. Ол Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар бірден бір адам. Өз істеген қылмысын өз пайдасына асырып, жаңаөзеншілерді қорғап, батырсымақ болып жүр.

  9. Қазақтың алыбы, қазақ тілінің атасы Мұхтар Шахановты мұқату. Оқымаған кейбір халық өкілдері осы пікірлерге сеніп қалады деп, түрлі жалалар жабуда. Ал зиялы қауым, оқыған азаматтар Мұхтардың істеген ерктерін түгел мойындайды. Халық Мұхтар жағында. Жүрегімен де, жанымен де Шаханов халық үшін туылған азамтат. Жетпіс жасыңыз құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын, ақын аға!!!

  10. Ей, Мәскеудегі Мұқтар туралы газеттерге сұқбат берген Ербол емес пе? Неге мұны «Хасеннің жапқан жаласы дейсіңдер міз бақпастан? Осыдан-ақ Мұқтарды жақтаушылардың кім екендерін, пиғылының —– екенін білуге болады . Мықты болсаңдар сұқбат берген Ербол мен оны жариялаған «Рух», «Қазақ әдебиеті» газеттерін шауып алмай, неше жылдан бері шошқа тағалап жүр ме Шақанов М.?!

  11. Мас-с-сқара! Мынау маньяқтар «Мұқтар– қазақ тілінің атасы!» дей ме!? Ау, олай деп, тіпті, ұлы Абайды да ешкім айтпаған еді! Мына зомбилар қызды-қыздымен «Бүкіл қазақты таптырған да Мұқтар!» деуден тайынбайды. Әй, не болды сендерге?! Мынау саудың ісі емес! Сірә КНБ мол бірдеме асатқан, мына «қолдаушыларға».

  12. Хасен Қожа-Ахмет әлгі «Желтоқсанды тексеруші комиссия» құрамына ешқашан енгізілген емес. Ендеше ол қалай Шахановтан «арақ тасыған шопырдың хатын алады!?» Мұны Шаханов неге 25 жылдан бері (алаңға арақ әкелінгенін) жасырып келді? Алдаркөсе Мұқтар Шахановтан тағы да, Желтоқсанның 30-жылдығына орай нендей «сенсациялар» шығарын күтелік.

  13. 1987 жылы наурыздағы Комсомол пленумында М.Шаханоа: «Мне пришлось беседовать с участниками декабрьских событий. И те, с кем я говорил, обнаружили примитивное знание родного языка, родной литературы, обычаев, истории и культуры. И вот они-то, подстрекаемые карьеристами и властолюбцами, взяли на себя смелость говорить от имени народа!» – деп мінберден сөз сөйлеген. Бұнысына жауап беру орнына, ол осы құжатты жариялаған Данияр Әшімбаевты «орыс тілді, әкесі анадай, шешесі мынадай» деп жамандап, жұрт назарын басқа жаққа бұрып шатастырмақ болып жүр. Сонда, Д.Әшімбаев «орыстілді болғандықтан» Мұқтар Шаханов желтоқсандықтарды 1987 жылы қаралап сөйлеген бе?! Логика қайда?

  14. Жаңаөзендегі репрессияны тоқтатуды ең бірінші болып талап етіп 17 желтоқсанда Алматы алаңында сөйлеп, «Нұротан» партиясы штабын қоршауға халықты шеруге бастаған, жеті қолдаушысымен тұтқындалып, сотталып, жалғыз бөлмелі үйі «арестке» қойылған Хасен Қожа-Ахмет емес пе еді? Оған тіл тигізушілерде, әй, иман жоқ-ау! Мынадай тобыр ел бола алмас, сірә!

  15. Желтоқсандықтарға М.Шаханов «КГБ агенттері» деп жала жапқаны аздай, енді осы көтерілістің 26-жылына аяқ басқанда оларға үкіметтің жапқан «алкаш, бұзақылар» дегенін қайталуға кірісіпті. «Жас Қазақ үні» газетінде (19.06.2012) «Алаңға арақ тасыған жігіт комиссияға арыз әкелген» депті. Мынаның есі сау емес сияқты! Мұхтардың сондағы айтпағы: «желтоқсандықтар алаңға әкелінген араққа тойып алып КПСС-тің қаулысына қарсы күресті» дегні ме!?

  16. Мұхтар Шаханов КГБ-ның кәрі сексоты ғой. Олай болмаса оны ешқашан елші етіп тағайындамас еді. КГБ, КНБ емес елші болмайды.

  17. БАҚ-тардың зомбилауына берілмейтін санаулы есі бүтін азаматтардың е-mail-ын біліп алған «Азаттық» радиосы оларды тіркемей, тек М.Шақановты мадақтайтындардың надан «пікірін» ғана жариялауда. Европаға шапқылап «азият Шыңғысханды» христиан әлеміне жамандаған М.Шахановты «Азаттық» радиосының қожайыны – АҚШ үкіметі де ұнатып қалғаны байқалады. Ал М.Шахановтың «кім» екенін жақсы білетін Мұхтар Мағауиннің баласы (Прагадағы «Азаттық» радиосының қазақ бөл. бастығы) АҚШ-тағы қожайындарының бұйрығын орындамасқа лажы жоқ!

  18. Жалғандықтан жалықпас сабаз М.Шаханов: «Хасен Қожа-Ахметтің жапқан жаласына жақтастарыммен жауап беріп жатырмыз»!-депті. Ол қандай жала? Шын мәнісінде 1986 жылы 19 желтоқсанда Мәскеудегі ақындық кешінде М.Шахановтың Алматыдағы көтерілісті хабарлатпай қойғанын газеттерге жазған Ербол Байжарқынов қой, Хасен емес!?
    Сондай-ақ, 1987 ж. наурызда ҚазССР ЛКСМ пленумында Мұхтар Шахановтың: «Мне пришлось беседовать с участниками декабрьских событий. И те, с кем я говорил, обнаружили примитивное знание родного языка, родной литературы, обычаев, истории и культуры. И вот они-то, подстрекаемые карьеристами и властолюбцами, взяли на себя смелость говорить от имени народа!» – деп мінберден сөйлеген сөзін тауып интернетте 2006 жылы, «Время» газетінде (16.12.2010.) жариялаған «Кто есть кто в Казахстане» энцикл. бас ред. Д. Әшімбаев қой, Х.Қожа-Ахмет емес!?
    Ал «М.Шаханов! Как только поднимешь трупы – умрешь совсем от другого повода» деген, басқа да газет әріптерінен құрастырылған хаттарды М. Шахановтың өзіне-өзі жазғанын бірге жазысқан көмекшілерінің өздері мойындаған. Ендеше М.Шаханов қайдағы «Хасеннің жаласын» айтып отыр!? Керісінше, «Алаңда әскерге, мінбердегі билікке тас лақтырғандар КГБ агенттері болатын» деп, әскерилерге қарсылық көрсеткен барша қазаққа «КГБ» деп жала жабушы М.Шахановты өзі ғой. Х.Қожа-Ахметке де «КГБ агенті» деп жала жабуын қоймай жүрген де Шахановтың өзі. Сондықтан М.Шахановтікі «Сезікті–секірер» дегеннің кері.

  19. «»Сахнаның арғы жағында органның адамдары қаптап жүр…Гүл берген болып, Мұхаңа баруды шештім. Содан бір гүлді ұстап алып, екінші рет сахнаға қайта көтерілдім. Бір қызығы, сол кеш тікелей эфирде жүріп жатты. Содан, Мұқтар ағайға гүлді беріп, тұрып: «Аға, бір-ақ сұрақ қояйын!»– дедім. ОЛ қолымнан қысып: «Бауырым, елдегі жағдай онсыз да ушығып тұр. Бәрін білем. Айтпай-ақ, сұрамай-ақ қой! Кешті бұзбашы , жарқыным!» – деп сахнадан шығарып жіберді» ( Ербол Байжарқыновтың сұқбатынан. «Рух» газ. 2001 ж. №12, «Қазақ әдебиеті» газ. 27.01.2006 ж). Пікір: Кеші іткелей эфирде өткен болса М.Шахановтың «Кремльдегілердің қорқып, ақындық кешін өткізуге бөгет жасады» дегені де тағы бір өтірігі екен ғой!

  20. Алмас,Азат, Арыстан дегендер хасен мен жасаралдың өздері яғни малдас, мазақ, шакалдар. 138-дің хатын Қазыбек Иса өз еркімен жазып барғанша Шаханов білмеген де ол туралы. Ол алғаш Жалын журналында талқыланды да. Осыдан -ақ хасендердің жалақорлығын, жоқтан бар жасайтыныын білуге болады.

  21. Ұлт мақтанышы Шахановқа тиісіу пілге шакалдар мен қандедердің үргені ғой.

  22. Мұқтардай ұлыларын көре алмайтын ұрылар қаптаған қайран қазақ елі…

  23. Мұқтардай Улыларын көре алмайтын көрсоқыры көп қайран уланған қазақ елі…

  24. Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына байланысты Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырған жиында «Аллажар» фильмін түсірген Қалдыбай Әбенов Мұхтар Шахановқа оның 1989 жылы жазда Мәскеудегі сиезде Желтоқсан оқиғасы туралы айтып ерен ерлік жасағанына рахмет айтып толқи сөйлепті. Сонда Хасен Қожа-Ахмет қасында отырғандарға естірте: «Япыр-ай, егер Шаханов Мәскеуде 1989 жылы жазда сөйлемегенде, 1986 жылы Алматыда Желтоқсан көтерілісі болмай қалады екен-ау, ә?!» – деген екен.

  25. «Сонда Хасен Қожа-Ахмет қасында отырғандарға естірте: «Япыр-ай, егер Шаханов Мәскеуде 1989 жылы жазда сөйлемегенде, 1986 жылы Алматыда Желтоқсан көтерілісі болмай қалады екен-ау, ә?!» – деген екен.»
    Хасеннің сөзі -Ерліктің өзін көре алмайтын күндес күңдей бейшара жауап қой…

  26. Жалдамаларын газет, интернет арқылы сайратқанша, М.Шаханов желтоқсандықтарға жапқан «КГБ агенті» деген сандырағын сотқа келсін де «дәлелдеп» берсін. Бірақ сөзі жалған болғандықтан олай етуге М.Шахановтың көті шыдамайды, сотты болғызбауға жанын салады.Беті жоқ қой оның!

  27. «Шаханов 1989 жылы Мәскеуде Желтоқсандықтарды қорғағанының керегі жоқ, ол биліктің тапсырмасы»-деп айту үшін Хасен Қожахметтей қандай бетсіз, арсыз болу керек еді… Бұл бейшаралық хасеннің не үшін жанталасып, 3 әріптің тапсырмасын орындап жүргенін көрсетеді. Хасеннің лақтырған сүйегіне таласқан кәндендер мұны мойындаңдар, бұл шындық. Кім Шахановтың ерен ерлігін бекер болды, биліктің тапсырмасы деп айта алады Хасендей екіжүздіден басқа? Айта аласыңдар ма, иттер?

  28. Алмас, ақын, еркін дегендердің бәрі бір ит, Хасеннің байлаулы иттері шахановқа шабаланып жатқан. Үрулерінен байқауға болады бір адам екенін, бәлкім Хасеннің өзі болуы керек.

  29. «Қазақты аз қырған», «Қазақ тілі бұл заманға керек емес» дегені үшін Хасен Қ-А сотқа берген Масановтың достары Б.Әбілов, Қосанов, Бапилармен ауыз жаласып жүргенінен-ақ М.Шахановтың қаншалықты «қазақ тілі жанашыры» екенін біле беріңдер!

  30. Қазақтың жау,қазақ деп бекер айтылмаса керек.»Ел болам десең бесігіңді түзе»Сол баяғы желтоқсанның әңгімесіма? 26 жыл бойы ашылмаған шындық,тағы қанша тұншығады бір құдайым біледі.

  31. тарих адамның зердесін ашады, жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі деген сөз бар халқымызда, аштыда болса желтоқсан туралы шындықты айтқанына бола оған неге соншалықты күмәнмен қараймыз,қазақ деп жарғақ құлағы жастыққа тимей тіліміздің мәртебесін көтеруге бар күшін салсада қаншама нақұрыстар немесе санасы уланған санасыздар оны дұрыс деп қабылдағанының орнына м,шахановқа қарсы шығып отыр, ес ақылы дұрыс адам қазаққа қазақтың жаны ашымаса оған басқа ешқандай ұлттың жаны ашымайтынын жақсы білетін шығар,сонда ол кісі оның орнына орыс тілін қазақ ұлтына ұрандауы керекпе еді,оң мен солын парықтай алмаушылық ол тек малдарға арналған нәрсе,сонда біздің жанашырларымыз орыс тілді шала қазақтар мен орыстар болмақшыма

  32. Хасеннің анасын «еврей» деу қып-қызыл жала. Бұлай деушілер Хасенге қандай айып тағарларын білмей, күйе жағу үшін ойлап тапқандары. Олай айтқандар Хасеннің шешесін көрмектігүрі, аты-жөнін де білмейді, оны көрмеген де, үйінде де болмағандар. Қазақтың нағыз патриоты болуы үшін әкесінің де, шешесінің де қазақ болуы шарт па?! Әрібірден кейін жала жабудың өзі үлкен күнә!
    Әлде олар ол кісінің (анасының) шежіресін зерттеп пе екен? Білмей жатып қалай бұлай шатуға болады?!
    Мен тарихтан кандидаттық диссертация қорғау үшін 1992 жылы «Қазақстандағы поляктар» атты тақырыпты таңдаған болатынмын. Сөйтіп, сол жылы Қазақстандық поляктарды елден сұрастырып жүріп, Хасеннің ауылдастарынан оның анасы – Екатерина Ивановна Лисовскаяның поляк аралас украин отбасынан екендігін есітіп, Хасеннің үйіне қонаққа бару сәті түсті. Қазақстан поляктарын зерттеу барысында Хасеннің анасы – Катя апамен бірнеше мәрте сұхбаттасуыма тура келді. Ол кісі Польшадағы поляк туыстарын ұлының Польшаға барған кезінде тапқандығын, олармен жиі хат алмасып тұратындығын айтып, Польшадағы туыстарынан келген хаттарды маған көрсетті. Сондай-ақ Польшадан Қазақстанға келген поляктар Хасенді үйіне іздеп келетін. Екатерина Ивановна Лисовскаяның шежіресін зерттей келе, шешесі жағынан 16-ғасырда Мәскеуді қоршауға алған поляк шляхтасы – граф Иозеф Лисовскийдің ұрпағы екендігіне көз жеткіздім.
    Сөйтсем, Хасенді танитын Польшадағы менің тарихшы әріптестерім де бұны біледі екен. Тек Екатерина Ивановнаның әкесінің фамилиясы Волченко -деп емес, анасының фамилиясымен- Лисовская-деп жазылуы, ата-анасының өте ертеректе ажырасуы себебінен екен.
    Совет дәуірінде орыстандыру саясаты кезінде әкесі-украиндық (Иван Павлович Волченко- Батыс Украинада туылған украиндық), шешесі-поляк – Хасеннің шешесінің төл құжатына ұлтын «орыс» деп жазып жіберген.
    Менің айтқым келетіні, Хасенді кіналаушылар ең болмаса, алдымен Шахановтан Аралдың қорына түскен ақшаларды қалай жымқырғандығын және Мәскеудегі пленумда неге Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға күйе жаққандығын сұраса екен.

  33. Шаханов ұлы ақын болса, ұлы ақынболар, бірақ
    оның ақындығына қарап баға бергілері келетіндер ақындық жағынан ғана баға берсін.
    Оның ақындығы жалпы саяси істерінің көрсеткіші бола алмайды.
    Шахановты ақтауға тырысушылар, Көрмес түйені де көрмес. Көздеріңді жақсылап ашыңдар, шатаспаңдар!

  34. Күлем – ай кеп….. Қазақ елінің осылайша 2 – ге бөлініп өзара қырықысып жатқаны қалай достар… Ана газет былай жазды, мына газетте былай дегеннен басқа нақты дәлелдеріңіз бар ма? Кімнің қандай екенін біз білмейміз. 1986 жылы болған оқиғалардың қасында сіздер болдыңыздар ма? Болмасаңыздар сіздер мына мәліметтеріңізді неге сүйеніп айтып отырсыздар? Оны қойшы жарайды. Қазақ елінің көрген азабы аз болды ма? Енді келіп өзара қырғи қабақ болып, нақты дәлелдеріз бір – бірлеріңізді жамандап, ұрсысып отырғандарыңыз ұят емеспе?

  35. МЕН ӨЗ БАСЫМ АЛЛАНЫҢ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНА Мұқтар Шаханов СЫНДЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ БЕРГЕНІНЕ МЫҢ АЛҒЫС АЙТАМЫН.ЖАРАЙДЫ МҰҚТАРДЫ ҚАЗАҚ МОЙЫНДАМАСЫН,БІРАҚ ӘЛЕМ МОЙЫНДАДЫ.ЕРМЕК СЕЙІТ СЕН АЙТАСЫҢ МҰҚТАР АҚЫН РЕТІНДЕ ҰЛЫ ШЫҒАР, БІРАҚ БАСҚА ЖАҒЫНАН ЕМЕС ДЕГЕНДЕЙ. МҰҚТАРДЫҢ АҚЫНДЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫ ОНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ЖОҒЫН ЖОҚТАП,ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҒАННАН, СОНЫ ӨЗІНІҢ ӨЛЕҢІНДЕ ЖЫРЛАЙ БІЛГЕНІНДЕ. АҚЫННЫҢ АҚЫНДЫҒЫ МЕН ӨМІРІ БАЙЛАНЫСТЫ. ОНЫ ҚАЛАЙША МОЙЫНДАМАЙСЫҢ? МЕНІҢШЕ МҰҚТАР АҒА ДӘЛ ҚАЗІР ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ОЙЛАСА. ҚАЛҒАН ҚАҢҚУ СОЗДЕРГЕ ЕРМЕСЕ.СІЗДІҢ АБЫРОЙ АТАҒЫҢЫЗ ЕЛ АЛДЫНДА КҮННЕН КҮНГЕ КӨБЕЙІП ЖАТПАСА КЕМІП ЖАТҚАН ЖОҚ. ҚАЙ ХАЛЫҚТЫ АЛСАҚТА ІШІНДЕ ҰЛЫЛАРЫН ТАБАЛАЙТЫНДАР ТАБЫЛАДЫ.БІРАҚ ОЛАР МОЙЫН БҰРЫП ҚАРАУҒАДА ТҰРМАЙДЫ АЛЛАДАН СІЗДІҢ АМАНДЫҒЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН

  36. Мынау ұят қой! Итше ырылдасып жатқандарың азаматтар.
    Мұхаң ақын, тіл жанашыры, ұлт жанашыры. Атына заты сай адам.
    Ал, Хасен Қожа-Ахмет кім? Мұқаң өзі-ақ айтып тұр ғой
    Амал нешік, қызғанышың қайсар және батыл-ақ,
    Асанова Ләззатқа да шаштың қара топырақ.
    Тағдыр сені қаралаудың сарбазы етіп қойғандай,
    Соттасып ең, абыройың төгілді одан айрандай.
    Бір пәтуә таба алмастан ісіңнен, не сөзіңнен,
    Қаншама адал желтоқсаншы азап шекті өзіңнен.
    немесе мордиясы ғана қазақ деп. Бұдан артық қарапайым қазақ әйелі ретінде айтарым жоқ.
    Мұқаңа бір алла жар болсын.

  37. АРЫСТАН АЙТҚАНДАРЫҢДЫ СОТ ҚҰЗЫРЫ ТҮБЕГЕИЛІ ЗЕРТТЕП ШЕШСЕ БЫЛЫҚТЫҢ КӨЗІ АШЫЛАРЫ АНЫҚ, ӨЙТКЕНІ ОСЫЛАРДЫҢ БЫЛЫҒЫ,ЕКЕН ХАСЕНІҢ КҮИІНЕТІНДЕЙ БАР ЕКЕН.

  38. Мен зор айқай көтермесем,

    қанып рухсыз айызы!!!

    Орыс болып кетер еді ұлттың сексен пайызы.!!!

    Әрине, олар МҒҚ* боп, бас қойып зор білімге,

    Сөйлер еді Хасекеңнің анасының тілінде…!!!

    Түсінбедім!!!

  39. Қожа-ахметтің аты есімнен кетпейді 1991жылы күз мезгілі Казпидің Ақсайдағы жатақханасына келіп Егемен ел боламыз қазақтардың саны,қолы керек деген соң әр қабаттың студсоветтері жүгіріп жүріп,бөлмелерді ұрып,студенттердің аты жөнін жазып алып,қол жинағандардың біреуі МЕНМІН Содан кейін бірәз күндерден ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІ алдық дегенді естіп бұл кісінің қазақ жанашыры екендігін түсініп қатты қуандым Х.Қожа-Ахметке ҒҰМЫРЛЫ бол демекпін Гуля

  40. Жалдамаларын газет, интернет арқылы сайратқанша, М.Шаханов желтоқсандықтарға жапқан “КГБ агенті” деген сандырағын сотқа келсін де “дәлелдеп” берсін. Бірақ сөзі жалған болғандықтан олай етуге М.Шахановтың көті шыдамайды, сотты болғызбауға жанын салады.

  41. АДАМ СЕНІҢ АТЫҢ .

    «Адам» деген дүниеде зор атақ ,
    Еңбекпенен өз есімін тұр ақтап .
    Өмір сүрер күн көзінен нәр алып
    Тіршілікпен жер бетінде тұрақтап .

    Пендесісің табиғатқа жаратқан ,
    Өсек айтып , безіп кетпе ар- аттан .
    Бірге жүріп келер күнді армандап
    Ас ішеді кейбіреу бір табақтан .

    Өз- өзіңе қонақ болған адамдар ,
    Кінәң болса алатұғын жазаң бар .
    Көре алмай бір- біріне ор қазған
    Қайдан шығар , жағымпаз боп надандар?

    Ақымақ бас әлде кімге жекірді,
    Күнін санап алға қарай секірді .
    Қабылдаса маңдай терді жер анаң
    Жайылған дастарханың секілді .

    Шын көңілмен досқа деген адалдық ,
    Мақсатыңа жеткізеді адам қып .
    Сәл нәрсеге мақтанышпен мастанып
    Алмаңдаршы адамдықты арам – ғып!

    БІЗ ҚАНДАЙМЫЗ ?
    Осы біз кәне қандаймыз ?,
    Әділет іздеп қақсаймыз .
    Алаштан туған ұлт едік
    Неліктен тілді қорлаймыз .

    Орыстың сөзін үйрендік ,
    Қызына оның үйлендік .
    Жағымпаз болып оларға
    Орынсыз жерде үй бердік .

    Қазағым өстің мәз болып ,
    Тоналды тілім тез солып .
    Айналды ұл-қыз мәңгүртке
    Уланған басқа сөз қонып .

    Орыстан «Оры» бөлініп ,
    Қазақтан «Қазы» бірігіп.
    «Орқаз»- деген ұлт туып
    Өмірге енді бүлініп !

    Дініңе таза тіліңе ,
    Ор қазып өттің бұның не?
    Қос тіл деп жұртым сөйлестің
    Ойланбай сеніп «піріңе» ?

    Боласың елім енді кім ?
    Сынайтын бізді келді күн .
    Нарықпен өсіп келеміз
    Қандай ң қазақ сен бүгін сы

  42. Желтоқсаншылар, қазақтар, қазақ еместер болып бөлініп алып өзара қырқысқан өңшең қайран біздің туыстар-ай! Мұхтардай ұлы адамның қадіріне көзі тірісінде жете алмай, ауыздарың көпіргенше айтысудан шаршамайтын болдыңдар. Хасен Қожахмет деген кім еді ұлы адамды сынайтындай. Әрбір пенде бұл күнде өзін данышпан сезінетін заман туды. Асықпаңдар уақыт әлі-ақ бәрін өз орнына қойып береді. Желтоқсандағы жастарды ұйымдастырып алып шыққан кісілер тып-тыныш қызметтерін істеп жүр, көпшілігі зейнеткерлікке әлдеқашан кетіп қалған. Алмағайып күн туғанда желтоқсан оқиғасына қатысып едім деп тізімге жазылып алғандар қаншама, көріп жүрміз іздегендері үкіметтен және қала басшыларынан пәтер алу, жер алу, одан әріге аса алмайды. Өзге ұлтқа күлкі болып, оларды жамандамай-ақ, ең әуелі өзіміз бір-бірімізге күйе жақпай өмір сүруді үйреніп алайықшы. Жер бетіндегі барлық халық жалпы адам атаулы қиыншылықсыз өмір сүрген емес осы күнге дейін. Мың өліп мың тірілген қазақ деп зарлай берудің орнына өнер білім үйреніп алға жылжудың әрекетін жасау керек емес пе?

  43. Gu-Gu.kz саған шындық керек болмаса мына өсекті неге жазасың, одан да қызанақ пен қияр өсіріп табыс тапқаның артық қой, өтірікті жазып табыс тапқанша. Кісмін деп отырсыңдар ма, жалған жанашырлар.

  44. Ұлт-ұлт деген дұрыс қой бір-бірімізбен қырықпышақ болғанша ұлттық өнім шығарайық та ағайын. Жалаң сөзден айқын іске көшу керек.

  45. ҚАЗАҚТАР мына қалыппен ЕЛ болмаймыз. Бұған тек дұшпандарымыз қуанады. Шоқты үрлегенше сөндіруге қам жасайық. Сөздеріңе қарасам жас адам сияқтысыңдар. Ол кісілер кетеді өмірден, біз қаламыз ғой. Артынан бірге кетпейтін шығармыз. Соны ойлаңдар. Тарихтан тағылым алайық БАУЫРЛАР.

  46. Шақановтай арысымызға тіл тигізгенше өз истеріңмен айналыспайсыңдарма жағымпаздар

  47. Хасен Кожа Ахмет пошел Вы, если Вы участвовал тогда, это не значить что Вы герой. Мы Вас вообще не знаем, а Шаханова М. с детства знаем.

  48. М. Шахановтын ел ушин енбеги ерен. Ким ол сиякты мемлекетке ашык пикир билдирди, айтындаршы. Алде тек мемлекетке карсы шыгу керек пе, жок Биз баримиз де оз мемлекетимиздин саясатын колдауымыз керек, кателигин бетке айтуымыз кажет. Оппозиция деген осы.

  49. Жасыратыны жоқ, қазақта ақындар аз емес, таланттар да толып жатыр. Теледидарға қарап отырсаң екінің бірі өзін ақынмын, жазушымын деп жария қыла береді. Дегенмен, адамдығын ақындығына жығып бермегендер мен талантын таза қалпында сақтай алғандар бірен-саран ғана.
    Қазақта шығармалары әлемнің 50-ден астам елдерінің тілдеріне аударылған, өлеңмен жазылған бірнеше романдары ЮНЕСКО-да дүркін-дүркін талқыланған, мұхиттардың мыңсиқырлы мүйісіндегі мәңгілік жұмбақ Жапония елімен бірге әлемдік деңгейдегі 20-дан астам халықаралық академиялардың, білім ордаларының академигі, докторы, профессоры атанған һәм ақын, һәм қайраткер жалғыз-ақ, ол – Мұхтар Шаханов.
    Кеңес үкіметінің коммунистік партиясының қылышынан қан тамып тұрған кезінде табаны тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теңізінің қасіретін әлемдік деңгейге шығарып, дер кезінде дабыл қаққан да – Мұхтар Шаханов.
    1926 жылдан бастап, 62 жыл бойы тойлауға тыйым салынған «Наурыз» мерекесін Үкімет басшыларының хат жазып және күн тәртібіне қойғызып, ұлтымызбен қайта қауыштыруға мұрындық болған да – Мұхтар Шаханов.
    1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанда қазақ тілімен қатар, орыс тілі де мемлекеттік мәртебе алмақшы болған кезде өткірдің жүзіндей жарқ етіп белсеніп шығып, емханада жатқанына қарамастан, таң атқанша тыным таппай, әрбір депутатпен жеке-жеке сөйлесіп, әңгімелесіп, иландырып, бір күн бұрын дауыс беріліп кеткен заң жобасын қайта дауысқа салдырып, орыс тілі мемелекеттік тіл дегенді алдыртып тастап, ана тіліміздің абыройын сақтап қалған да – Мұхтар Шаханов.
    Қазіргідей ойлаушы мен жазушының құны көк тиынға татымайтын тар заманда зиялы топты жарып шығып, зынданның күлімсі иісінен қаймықпай, қазақ ұлтының қамын ойлап (өзінің, баласының, отбасының нәпақасын емес), мұқым қазақтың мәңгілік мүдделері жолында Желтоқсан ақиқаты үшін атойлы айқастарда басын ажалға тіккен де, Кеңес одағының «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып тұрған шағында Желтоқсан шындығын шімірікпей айтып, қаита қаита комиссия құрғызып, кескілесе күрескен де – Мұхтар Шаханов.
    Ел аман, жұрт тынышта ата-бабамыз қан төгіп қорғап, бізге аманат қылып кеткен қазақтың жерін қара қытайға жалға береміз деген әңгіме шыққанда атой салып бір қадым жерді бергізбейміз деп шыққанда – Мұхтар Шаханов.
    Мұхтар Шахановтың күллі ғұмырының бағасы – бір замандағы жоңғар шапқыншылығынан қазақты аман алып қалған батырлардың ерлік дәрежесімен пара-пар. Бұрынғы батыр бабаларымыздың жасампаздығы бүгінде жалғыз Мұхтардың ғана қабағына түнеп, жүрегіне орныққан тәрізді…
    Ажалдан қаймықпайтын, құрбандықтан қорықпайтын, байлыққа қызықпайтын, мансапқа құламайтын, тексіздікке төзбейтін, жемқорлықты жек көретін, ұлтына ұлтарақ болуға әзір нағыз адал перзенттік қадір-қасиет әзірше Мұхтар Шахановтан басқаның талайына табан тірер емес.
    Қазақтың қайсар ақыны М.Шахановтың ұлт үшін тасты жарып, тауды тескен, отты жалаң аяқ кешіп, оқты жалаң төсімен тосқан ерлігі қалың қазаққа өнеге.
    Егер қазақтың қадым тарихында ұлылар қоныстанған құт-мекені болса, қазір олардың қатарына лайық жер басып жүрген, ұлтына ұлтарақ болуға әзір нағыз адал перзент жалғыз қазақ бар.
    Ол – ұлтымыздың біртуар ұлы Мұхтар Шаханов!!!
    Ия, ерлікті жасағаннан оны бағаламаған әлдеқайда кауіпті, сол себептен жалпы халықтың Мұхаңа деген ілтипатына қарағанда менің ойымша Қазақстанда Халық қаһарманы атағына және Нобель сыйлығына нағыз лайық бір азамат болса, ол Ғасырдың Ғаламат ақыны Мұхтар Шаханов!!! Бірақ ол ағамыз өз елінің марапатын ұсынса да алмайды, себебі ағамыз Отан менің анам, ал анама жасаған қызметім үшін мен одан марапат қажет етпеймін деген ұстанымы бар. Міне қандай ғажап адам десеңізші.
    Міне сол жазықсыз жастардың қаны төгілген Жетлоқсан көтерілісіне биыл 30 жыл болады. Осы орайда Мұхаңнын Желтоқсан оқиғасына арнап сол кездері жазған жүрек толқытар бір өлеңімен таныса кетіңіздер.

    ЖЕЛТОҚСАН АЛАҢЫ

    Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
    Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
    Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
    Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
    Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер
    Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер…
    Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
    Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
    Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
    Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
    Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
    Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
    Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
    Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ
    Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.
    Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
    Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
    Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
    Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
    Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
    Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.
    …Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
    Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
    Оны да еске салады,
    Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз