Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің оқырмандарынан ақша жинап беруді өтінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Желідегі оқырмандарының саны 1 млн 500 мың адамға жеткен Ерке оқырмандарына ақша жинап көруді ұсынды.

«Құрметті, инста-тыңдарман, оқырман, достар, көрермендерім! Біз 1 млн 500 мың адам боп қалдық! Сүйіспеншіліктеріңізге раxмет! Сіздерді жақсы көремін! Соның құрметіне әр адам 1 доллардан менің шотыма салайық, санап көрсек қырғын ақша болады екен! Сосын оны қайда жұмсайтынымызды бірге ақылдасып, шешеміз!», – деп жазды ол.

Мұны естіген желі қолданушылары түрлі пікірлерін аямады.

«О күшті болар еді. Ол ақшаны мұқтаж жандарға берейік», «Теңгемен неге жинамасқа? Әлде ол сіз үшін аз ба?», «Мен 5 доллардан саламын», – деп жазды қызығушылық танытқан тыңдармандары.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз