Назарбаев өзінің ізбасарлары туралы сұраққа жауап берді

13
297

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берген болатын, ол онда өзінің балаларын ізбасар етіп тағайындамайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев билікті өткізудің ҚР Конституциясында жазылғанын және еліміздің заң негіздері бойынша жасалатынын айтты. «Өз балаларыма қалдыруды ойламаймын. Менің ойымша, бұл бізге керек емес. Бізде биліктің ауысуы Конституцияда жазылған», – деді ол.

Қазақстан Президенті өзінің күш қайраты әлі мықты екенін айтты. «Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін. Сіздермен 2020 жылы кездесеміз», – деді Назарбаев журналистерге.

Сонымен қатар, Назарбаев америкалық жаңа көшбасшы туралы да сөз қозғады – АҚШ-та президент болып сайланған Дональд Трамп туралы. «Ол ең бастысын айтты, америкалық құндылықты әлемге тарата берудің қажеті жоқ. Сосын ол әр мемлекетпен жеке жұмыс істеу қажет екенін айтты. Ең күшті демократия, мысалы, Ресей және барлық елдер Батыспен достық қарым-қатынаста болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев Трамптың өндірісті қайта жандандыру және инфрақұрылым инвестициясын көбейту металлдардың бағасына әсерін тигізеді, бұл дегеніміз Қазақстан экономикасына әсерін береді, дейді. «Сондықтан мен жамандыққа жорымаймын, керісінше келесі жылдан бастап болашақта жақсы боларына сенемін».
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-oznn-zbasarlaryi-turalyi-surakka-jauap-berd-274931/

13 ПІКІРЛЕР

  1. Мұрагері ретінде ұрпақтарын қалдырып ктееді деген сөзді кім шығарып жүр? Бос сөз екенін кез-келген адам түсінеді ғой.

  2. 2020 жылы кездесейік дей ма? Қатырады, әзілге жақын))) Мейлі, аман болсақ оны да көрерміз.

  3. Бізге АҚШ-та президенттің кім болғаны емес, қарым-қатынасымыздың қандай болғаны маңызды. Тек сол жылы байланысты суытып алмайық.

  4. Елбасының саясаты арқасында мемлекетіміз дамып келе жатыр! Аман болсын деп тілеймін!

  5. Конституция бойынша белгілі ғой енді бұл сұрақтың жауабы, ал елбасымызға қатысты оның жұмыс істеуге деген құлшынысы қуантады

  6. Гу-гу болған қауысетке нақты жаубын берген екен. Мықты ғой біздің Елбасы. Көреген азамат.

  7. Біздің Елбасы кемеңгер жан ғой, артық алып қашпа сөздердің барлығына осылай нүкте қойды.

  8. Бәрекелді, Алла ұзақ өмір жасын берсін. Осылай қазақ елінің көшін бастап жүре берсін!

  9. Шынымен тыныштық пен тұрақтылыққа үйреніп қалғанымыз сонша тіпті елестетудіңң өзі қиын

  10. халық осыны ұзақ талқылап еді, бұған ашық жауап айтылды. Нұр атауына қатысты да айтылды. енді қалай тиіседі екен арандатушылар)))

  11. Денсаулық берсін сізге Нұреке! Бізге әлі керексіз, елімізді өркениетке бастай беріңіз

  12. Дәл өзі сияқты мұрагер дайындап кетсе қандай жақсы болар еді, ізгі қасиеттерін үйретіп

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз