Алматыда күші 2-3 баллға тең жер сілкінісі болды

0
375

2016 жылдың 18 желтоқсанында Алматы уақыты бойынша сағат 11.54-те (Гринвич бойынша 2016 жылдың 18 желтоқсанында сағат 05.54-те) жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 128 шақырым жерде екені анықталды. «Энергетикалық класы 11.3-ке тең, магнитудасы – 5,0. Күші 2-3 баллға тең жер сілкінісі сезілген», – деп хабарлады мамандар.

Патрульдік полицейлердің мәліметінше, аумақта ештеңе де қирамаған.

https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyida-kush-2-3-ballga-ten-jer-slkns-boldyi-275609/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз