Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті

0
384

Маңғыстау облысындағы Ақтау-Жетібай тасжолында болған жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық ауруханадағы санитарлық авиация бөлімінің фельдшер-диспетчері Елизавета Жалғасова хабарлады, – деп жазады «Лада» басылымы.

Жол апатынан зардап шеккен 1985 жылғы ер адамдар жол-жөнекей өтіп бара жатқан көлікпен Жетібай аудандық ауруханаға жеткізілді. «Зардап шеккендердің бірінің миы шайқалып, жабық сынық алған. Сондай-ақ, кеудесіне зақым тиген. Ол қазіргі уақытта Жетібайдағы ауруханада ем алып жатыр. Ал екінші ер адамның жағдайы ауыр, ес-түссіз жатыр. Қабырғалары сынған, жабық бассүйек ми жарақатын алған. Ауыр деңгейдегі зақымданудан есеңгіреп қалған», – деді фельдшер-диспетчер.

Оның айтуынша, реаниматологтар, травмотологтар және фельдшерлерден құралған бригада Ақтауда болған жол апатынан зардап шеккендерге барады.

https://youtu.be/Jhsou-vpAV8

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/mangyistauda-janturshgerlk-jol-apatyinan-ush-adam-kaza-275605/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз