Челябі көшелерінде ерекше нөмірі бар шымкенттік көлік жүрген

0
369

Челябинск көшелерінде ерекше нөмірі бар шымкенттік көлік жүрген. Көліктің суретін Челябинск тұрғыны Андрей Середа Facebook желісіндегі парақшасына жүктеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Челябинск көшелерінде барлығын көруге болады, бірақ мұндайды кездестіреміз деп ойламаппын да», – деп жазды Андрей Середа.

Ең қызығы, көліктің мемлекеттік нөмірі «666» болғанымен қоса, оның әріптері «зло» деп оқылады. Айта кетейік, желі қолданушылары жарияланған бұл суретке түрлі пікірлер қалдырды. Қолданушылардың көбісі: «Шымкент вездесущий!», «Шымкент рулит!» және «13-е… Олар барлық жерде!» деп жазып жатыр. Алайда сурет авторына «бұл фотошоп» деп пікір қалдырғандар да табылды.

https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/chelyab-koshelernde-erekshe-nomr-bar-shyimkenttk-kolk-jurgen-275606/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз